АймақБалқаш

«Тегін такси» Балқашта да бар

Қалпақ пана болмас қаңтар айы келіп жеткелі Қарағанды мешіттерінде аязға байланысты түрлі шаралар ұйымдастырылып, қызметтер көрсетіле бастады. Соның бірі – «Тегін такси» қызметі Балқаш қаласында да жалғасты.

Шағын шаһардың орталық мешітіндегі тегін такси қызметіне жүгінген Мейірман Рахымберлин шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, намазға қатысқан жамағат үйлеріне тегін таксимен қайтып жатқандығын айтты. Қайырымдылық іске ниет еткен дін қызметкерлері мен ерікті жамағат үлес қосуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті тұрғындар мен көшедегі жолаушыларға жәрдем көрсету мақсатында бірнеше ерікті тегін көлік қызметін атқаруға кірісіп те кеткен көрінеді.

– Жалпы мұсылманның міндеті – әркез қамқорлық таныту, мейірбан болу. Қазіргі таңда ұйымдастырылып отырған «Тегін такси» қайырымдылық акциясының да басты мақсаты – қала тұрғындарына көмек көрсетіп, ауа райының қолайсыз уақытында қол ұшын беру. Бұл қайырымдылық акциясы ары қарай да жалғасады. Барлықтарыңызды осы игі шараға үлес қосуға шақырамыз! – дейді Балқаш қаласының бас имамы Нұрболат Сейілханұлы.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button