Тең құқық – тең мүмкіндік
Бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі – гендерлік саясат. Бұл – қоғамдық өмірдің барлық саласында ер мен әйелдің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Облыста Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы аясында ер мен әйелдің теңдігі жобасы іске асырылуда.

Биыл осы жоба аясында облыстың ішкі саясат басқармасы тапсырысымен бірқатар жұмыс атқарылуда. Жоба жыл сайын 4 ауданынан кем емес, жақын орналасқан ауылдық елдімекендерді қамти отырып, 2023-2025 жылдар аралығында іске асырылады. Жобаны іске асырушы «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен ҮЕҰ үшін гендерлік теңдік тұжырымдамасын іске асыру. Оқыту курсын ұйымдастыру арқылы гендерлік саясатта «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңдармен реттелетін тұстарын айқындап көрсету.
Осы мақсаттарды орындау үшін жоба аясында атқарылатын бірқатар міндет айқындалды. Соның бірі – Мемлекеттік қызметшілер мен ҮЕҰ үшін гендерлік теңдік тұжырымдамасын іске асыру бойынша оқыту курсын ұйымдастыру. Осы орайда Қарағанды облысындағы Осакаровка, Бұқар жырау, Нұра аудандарында және Балқаш, Абай, Саран, Ақтас қалаларында «Отбасылық құндылықтар», «Қаржылық сауаттылық», «Табысқа жету жолдары» тақырыптарында сондай-ақ, онлайн қатысушыларға арнап саясат, құқық, бизнес және менеджмент бойынша әйелдерге арналған оқыту семинарлары өткізілді.
Шара барысында қыз-келіншектерге «Атамекен» палатасымен бірігіп жасалған «Бизнесті қолдау мен таңдау» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде 500 данадан аса әдістемелік құрал таратылды.
Өз ісін бастаймын деген нәзік жандарға арнап YouTube каналында «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» тақырыбында 10-ға жуық бейнесабақтар жүйелі түрде дайындалып көрсетілуде.
Осы және өзге де шараларды айқынды атқара келе, қоғамда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы проблемалар біршама шешімін табады деген үміт зор.
Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz