Жаңалықтар

Тауар бағасы арзандай ма?

Кеше Сенатта қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде азық-түлік арзандауы мүмкін екендігін айтты. Оған себеп, доллар бағамының түсуі азық-түлік құнының арзандауына әсер етеді екен. Сондай-ақ, «алдағы екі-үш айда инфляция бағамы төмендейтінін» де мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

– Осы айларда инфляция шарықтау шегіне жетті, 20 пайыздан асты. Екі-үш айдан кейін төмендейді. Қазірдің өзінде біз нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз деп көрсеттік. Сол бойынша жұмыс істейтін боламыз. Жалпы бағаның төмендеуін болжап отырмыз, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Алайда, белгілі сарапшылар олай демейді.

– Бастысы, доллар бағамының әрі қарай төмендеуінде. Егер теңге бірнеше ай бойы күшеюін жалғастырса, сол кезде ғана әсерін байқайтын боламыз. Мұндай тәжірибе қазақстандықтарға бұрыннан белгілі. Тауар бағасы төмен түсуі үшін теңге бағамы жарты жыл құнын түсірмей тұруы қажет, – деді экономика сарапшысы Андрей Чеботарев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button