Рухани жаңғыру

Тарихи кезең бастауы

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Еліміздің мақсаты – айқын, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Әр халық, әр мемлекет рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Рухани жаңғыруға серпін беретін көшелі ғылым – тарих ғылымы. Бабаларымыз тәрізді тарихтан ұрпақ сабақтастығын көрудеміз, оны өркениеттік, ұлттық, рухани кемелдіктің кепілі ретінде құрметтейміз.
Қазіргі біздің жастарымыз не үшін және қалай тәуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғандығын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуі тиіс. Сан ғасырлар бойы отар елдің тепкісін көріп өскен халықтың ұлттық санасы аз ғана уақыт ішінде жаңғырып кете алмайды. Алайда, азаттық аренасына жасындай жарқылдап шыққан ширек ғасыр ішінде рухани жаңғырудың жаңа белесіне өтетін кез келді. Рухани жаңғыру тарихи сананы жаңғырумен ұштасқанда ғана өз нәтижесін береді. Рухани жаңғыру бағдарламасы білім саласына ықпалын тигізуде. Қазақстан халқының көштен қалмай, болашаққа ұмтылуы заңдылық. Тарихқа көз жүгіртсек XX ғасырда қазақ әліпбиі дүние жүзіне кең тараған араб, кирилл, латын графикасын пайдаланған. Латын қарпін Алаш қайраткерлері де қолданған. Сондықтан, еліміздің латын қарпін меңгеріп кетуге қауқары жеткілікті.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осында деп білемін.

Б.ТӨЛЕГЕНОВ,
№6 мектептің тарих пәні мұғалімі.
ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button