Бас тақырып

Тариф текетіресі: ұялы операторлар үнсіз

Ұялы операторлар тарифтерін жаппай көтеруде. Бірақ биліктің қылар қайраны болмай тұр. Ал, алпауыттар өз клиенттерінен 4 млрд. теңге өндіруі мүмкін. Жүр­гізілген арнайы сауалнама бай­ланыс операторларын тығырыққа тірегендей. «Жыл соңына дейін байланыс тарифін көтересіз бе?» деген сауалға операторлар жартымды жауап бере алмай дал.

«Beeline-Қазақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин жыл соңына таман өсім болмайды деп сендіргісі келді.

– Жоспарда баға көтеру туралы бастама есімде жоқ, сондықтан, тариф көтерілмейтін шығар, – деді Евгений.

«Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/ Altel)» компаниясының бас директоры Сергей Коньков тарифтің өсуі жекелеген бағдарлама шеңберінде ғана көрінетінін мәлімдеді.

– База құрылымындағы жекелеген тарифтерге қатысты өсім бар. Дәп қазір монетизация кезеңінен өткен, өскен тарифті тап басып айта алмауымыз мүмкін әрі қиын. Сол себепті, жекелеген тариф бағамы өсуі ықтимал екенін жасырмаймыз, – деп қосты С.Коньков.

Бірақ, «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков төтеден қойылған сұраққа жауап беруге дайын емес екенін айтты.

– Бұл мәселеге қазір нақты жауап беруге дайын емеспін. Негізі сауалдарға жауап беруге келгеніммен, бұл сұрағыңызға жауап беру әсте қиын, – деп түйіндеді сөзін спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button