Жаңалықтар

Таксистер мен курьерлер 1 шілдеден бастап салық төлейді

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп, такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды іске асырып жатыр, деп хабарлайды ortalyq.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Такси немесе курьерлік жеткізу қызметін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде рәсімдеу жолымен салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әртүрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды.

Біздің ойымызша, себептердің бірі – міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді орындауға дайын еместігі.

Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – «eSalyq Business» арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану.

Себебі 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет.

Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «eSalyq Business» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосып жатыр.

Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тікелей интернет-платформада өтеді.

Платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстайды және төлейді, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі.

Бұл жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындайды, ал салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылады.

Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша Яндекс.такси-мен жұмыс жүріп жатыр, жұмыс аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады.

Техникалық жүзеге асырудың жоспарланған уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button