Жаңалықтар

Таиландта теңізге шомылған қазақстандық қайтыс болды

Таиландқа саяхатқа барып, зардап шеккен Қазақстан азаматы қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті. Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров растады, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әпкесі Instagram-дағы парақшасында: «Артурдан айырылып қалдық», – деп жазды.

Ол Таиландта жергілікті құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, теңізге түскен.

Әпкесінің айтуынша, Артур Ысқақов Таиландқа қалыңдығымен бірге демалысқа барған. Олар суға түскен кезде теңізде күшті толқын көтерілген. Оның қызы суға бата бастаған. Қызды құтқару үшін суға түскен Артурды толқын алып кеткен. Көп су жұтып қойған.

Жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жансақтау бөліміне жеткізген. Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаумен ескерту берілген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button