Архивы Марат ИБАТОВ - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Элитаның жаңа буыны
Биыл бесінші жыл ұйымдастырылған ҚарМТУ ректорының балы сән-салтанатымен ерекшеленді. Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Аталмыш оқу орны бұл шараны – «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арнады.

Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді паш ететін мұндай бал кештерінің тек, Австрия жерінде өткізілетінін ескерсек, әсем кешті ҚарМТУ студенттері өзара бөлек, заманауи үлгіде ұсынды. Ол кезде Вена балына елге танымал азаматтар мен ақсүйектер қатыса алатын болса, университет басшылығы балдың ережесіне оқуда озат, ғылымда, өнерде көпке үлгі болған жастарды жинады.

Жалпы, ректор балы – техникалық университеттің белсенді студент жастарының қатысуымен 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтеді. Студенттердің бұл бастамасы қаламызда 2015 жылдан бері жастардың қайырымдылық балының, сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ҚарМТУ ректоры балының өтуіне негіз болды.

Биылғы ректор балына дәстүрге сай оқуда, ғылымда және қоғамдық қызметте де озат болған 100 үздік студенттік жұп қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер қонақтармен жұп болып бес түрлі классикалық би билеп, шығармашылық өнер көрсетті. Салтанатты рәсімде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк, студенттердің ата-аналары және оқу орнының қызметкерлері қатысты.

Би кешінің ашылу рәсімінде сөз алған ҚарМТУ ректоры Марат Ибатов: «2013 жылы студенттердің бастамасымен жүзеге асқан бұл шара – университетіміздің игі дәстүрлерінің біріне айналды. Әдеттегідей кешке озат студенттер қатысып отыр. Бұл – ҚарМТУ студенттерінің Қазақстан жастарының элитасы екендігін дәлелдей отырып, білім алушылардың бірегейлігін айқындайды», – деді.

Айта кеткен жөн, қатысушылар балға үш ай бойы үздіксіз дайындалды. Кеште олар тек жұп болып өнер көрсетумен шектелмей, қонақтармен де дөңгелете вальс биледі. «Ханзада және Ханшайым» атағын иеленген үздік жұп Ернияз Заманбек (Энергетика, автоматика және телебайланыстар факультетінің 3-курс студенті) және Анара Асқарова (Тау-кен факультетінің 3-курс студенті) сайысқа тыңғылықты дайындалыпты. Жастардың өнері көптің көңілінен шықты. Ал, «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алған Айбат Қалқаманов (Сәулет-құрылыс факультетінің 3-курс студенті) және Дильфуза Байжігітова (Жол-көлік факультетінің 3-курс студенті) жылына бір рет өтетін бұл кешті ұзақ күткенін, дайындықты босатпағанын айтады. Би кешінің соңында үздіктерге демеушілер тарапынан сыйлықтар мен диплом табысталды. Жастар жағы әсем әуенге ұласқан би ырғағымен кештің көркін қыздырды. Әсем кештің куәгері әрі қатысушысы болған талантты жастардың ата-аналары оқу орны басшылығына жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Cуретті түсірген

Ж.Иманәліұлы.

Сообщение Элитаның жаңа буыны появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

ҚарМТУ-да – профессорлар аллеясы
ҚарМТУ-да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық акция өтті. Бұл ретте, еліміздегі экология жылы қарсаңында «Тұрақты даму» жер қорының бастамасымен Ұлттық орман отырғызу күндері ұйымдастырылуда. Бұл күндері Қазақстанның барлық облыс, аудан­дарының саябақ, гүлзарларына ағаш көшеттері отырғызылады. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті де алғашқылардың бірі болып игі бастаманың тұсауын кесті.

Оқытушылардың айтуынша, оқу орнынан алғаш «Профессорлар аллеясын» ашу – ҚарМТУ-дың негізін салған академик Әбілқас Сағынов шәкірттерінің бастамасы болатын. Сол дәстүр жалғасын тауып, биыл да ҚарМТУ оқытушылары академик Ә.Сағынов ескерткішінің жанынан профессорлар аллеясын ашты. Оған ҚарМТУ-дың дамуына елеулі үлес қосқан атақты ғалымдар қатысты. Аллеяда шырша ағашының 35 көшеті отырғызылып, әрбір ағаштың түбіне оны еккен профессордың есімдері жазылған тақтайшалар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяны бойлай аймағымыздың ірі холдингі «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры Иван Георгиади тарапынан сыйға тартылған 111 ағаш – қайың, қарағайдың көшеттері отырғызылды.

Тарихқа көз жүгіртсек, университет студенттері мен ғалымдарының білім ордасының маңына ағаш отырғызу рәсімі ескіден келе жатқан дәстүр екен. Бұл жайлы жазбалар алғаш XVI ғасырдағы деректерде пайда болған. Оба ауруы мен құрғақшылыққа қарсы күресте жеткізілген жақсы нәтижелерді тарихта қалдыру үшін Испанияның Саламанки университетінің профессорлары мен білім алушылары Леон жолдарының бойында мыңдаған ағаш отырғызған екен. Содан бері жағымды дәстүр аталмыш оқу орнында да жалғасын тауып келеді.

Жиынға қатысқан ҚарМТУ ректоры Марат Ибатов: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарияланған стратегиялық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы – туған өлкенің жаңа мәдени нысандарын көгалдандыру және көркейтуді көздейді. «Профессорлар аллеясы» – Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, қаланы көріктендіру әрі экологиялық таза аймақ қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды», – деді.

ҚарМТУ жастары да бұл шараға белсенді қатысты. Аталмыш шара жастарға экологиялық тәрбие берумен қатар, өз өлкесі және білім ордасының тарихын терең білуді меңзеді. Сол арқылы еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырды.

Аяулым СОВЕТ

Сообщение ҚарМТУ-да – профессорлар аллеясы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бейіндік магистратура: алғашқы түлектер ұшты
ҚарМТУ-да мемлекеттік индустриялдық-инновациялық дамудың екінші бағдарламасына мамандар даярлау бойынша бейіндік магистратураны бітірген алғашқы 120 түлекке диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл түлектер жаңа тәжірибелік-бағдарлық білім беру бағдарламаларына сәйкес дәріс алған. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа индустрияландыруға әлем­дік деңгейдегі мамандарды өзі­мізден оқытып шығару идеясын Мемлекет басшысы ұсынған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ұлттық әл-ау­қат қорынан 10 млрд. теңге қарас­тырылған көрінеді.

2015 жылы МИИДБ-2 басым ба­ғыттары бойынша 11 базалық жоғары оқу орны анықталса, соның бірі – ҚарМТУ.

Соған орай, 2015 жылдық 1 қыркүйегінен бастап университетте «Ме­­­­­таллургиядағы нанотехнология» және «Робототехника. Басқару жүйе­­­­­­­лері» инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік магистратура аясында мамандарды даярлау жұмысы басталған екен.

Бұл білім беру бағдарламала­­рын әлемдік рейтингтің ТОП-500 қатарына енетін, еуропалық және ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, бітіртуші кафедра профессорлары әзірледі. Магистрлерді даярлау үшін мемлекеттік білім гранттары бөлінді, әрбір мамандыққа – 62 грант. Болашақ мамандарды даярлаудың халықаралық стандарты оқу процесіне жаңа зертханалық жабдықтарды енгізумен қамтамасыз етілді.

Оқу жылы басталмас бұрын Университетте «Металлургиядағы инновациялық технологиялар лабораториясы» және «ҚарМТУ – Schneider Electric» авторландырылған оқыту ор­талығы жасалды. Олар еуропалық және американдық компаниялардың заманауи оқыту-өндірістік және ғылыми-зерттеу техникалық және бағ­­дарламалық кешендерімен жабдық­талған.

«Қазақмыс» Корпорациясы», «Ар­­селорМиттал Темиртау» АҚ, Құю зауыттарының өндірістік одағы, «Қарағанды Жарық», «Казпромавтоматика», «Караганда Энергоцентр» сияқты ірі кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жасалған магистрлік жобалар сәтті қорғалды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚарМТУ Ресейдің жетекші техникалық университеттерімен бірге, әлемдегі робототехникалар шығару­шы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Фесто» (Австрия, Германия) концернінің қолдауымен, халықаралық «Синергия» білім беру жобасын жүзеге асыру ісінен едәуір тәжірибе жинаған. Сол тәжірибенің арқасында өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафедрасының базасында бейіндік магис­тратураның жаңа «Робототехника. Бас­қару жүйелері» пәнаралық бағдарламасы жасалды.

Сала құраушы кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша 64 магистрлік жоба қорғалды. Алғашқы түлектердің бәрі де жұмыспен қамтылған. Олардың төртеуі Ресейдегі маңдайалды жоғары оқу орындарының бірі – «ИТМО» ұлттық зерттеу университетінің (Санкт-Петербург) магистратурасында қос диплом бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастырады.

Марат ИБАТОВ, ҚарМТУ ректоры:

– Қазақстанда «Металлургия­дағы нанотехнологиялар» және «Ро­­бо­­тотехника. Басқару жүйелері» инновациялық профильдері бо­­­йынша техника және технология­лар магистрі дипломы бірінші бе­ріліп отыр. Президенттің жаңа Жолдауында қойылған Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңі бойынша тапсырмаларды орындауға тікелей қатысу құрметіне ие болады түлектер. Біздің экономикамыздың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы Төртінші өнеркәсіптік ре­­волюция жағдайларында өтеді. Төртінші өнеркәсіптік революция әр күн сайын қарқынды дамуда және өндірісті автоматтандыруға, жұ­мыс техникаларын дамытуға, нанотехнологияларға, «сандық фабрикаларды» құруға әкеліп соқтырады. Сондықтан, түлектер ғылыми-техникалық дамудың қайнарында болмақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Сообщение Бейіндік  магистратура: алғашқы  түлектер  ұшты появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

ҚарМТУ-дың ректоры ауысты
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымына жаңа ректорды таныстырды. Бұл қызметке ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат ИБАТОВ тағайындалды.

Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшы­лығына кандидаттарды анықтау жө­ніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен. Комиссия әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны талқылау нәтижесінде, ҚарМТУ ректоры лауазымына Марат Ибатов­ты тағайындауды ұсынды. Ректор жаңа талаптарға сәйкес ашық конкурс әдісімен сайланды.

Аталған қызметке тағайындаудың жаңа жолы басқарудағы дербестікті жетілдіру мен білім сапасын арттыру, сонымен қатар, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

Сондай-ақ, министр республикалық комиссияның тағы бір кандидат – Сергей Ожигинді ҚарМТУ проректоры қызметіне тағайындау туралы ұсынысын да жария етті.

Өз тілшімізден.

Сообщение ҚарМТУ-дың ректоры ауысты появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.