ҚарМТУ-дың ректоры ауысты

    ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымына жаңа ректорды таныстырды. Бұл қызметке ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат ИБАТОВ тағайындалды.

     Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшы­лығына кандидаттарды анықтау жө­ніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен. Комиссия әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны талқылау нәтижесінде, ҚарМТУ ректоры лауазымына Марат Ибатов­ты тағайындауды ұсынды. Ректор жаңа талаптарға сәйкес ашық конкурс әдісімен сайланды.

     Аталған қызметке тағайындаудың жаңа жолы басқарудағы дербестікті жетілдіру мен білім сапасын арттыру, сонымен қатар, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

    Сондай-ақ, министр республикалық комиссияның тағы бір кандидат – Сергей Ожигинді ҚарМТУ проректоры қызметіне тағайындау туралы ұсынысын да жария етті.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.