Басты тақырыпҚарағанды

Элитаның жаңа буыны

    Биыл бесінші жыл ұйымдастырылған ҚарМТУ ректорының балы сән-салтанатымен ерекшеленді. Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Аталмыш оқу орны бұл шараны – «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арнады.

Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді паш ететін мұндай бал кештерінің тек, Австрия жерінде өткізілетінін ескерсек, әсем кешті ҚарМТУ студенттері өзара бөлек, заманауи үлгіде ұсынды. Ол кезде Вена балына елге танымал азаматтар мен ақсүйектер қатыса алатын болса, университет басшылығы балдың ережесіне оқуда озат, ғылымда, өнерде көпке үлгі болған жастарды жинады.

Жалпы, ректор балы – техникалық университеттің белсенді студент жастарының қатысуымен 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтеді. Студенттердің бұл бастамасы қаламызда 2015 жылдан бері жастардың қайырымдылық балының, сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ҚарМТУ ректоры балының өтуіне негіз болды.

Биылғы ректор балына дәстүрге сай оқуда, ғылымда және қоғамдық қызметте де озат болған 100 үздік студенттік жұп қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер қонақтармен жұп болып бес түрлі классикалық би билеп, шығармашылық өнер көрсетті. Салтанатты рәсімде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк, студенттердің ата-аналары және оқу орнының қызметкерлері қатысты.

Би кешінің ашылу рәсімінде сөз алған ҚарМТУ ректоры Марат Ибатов: «2013 жылы студенттердің бастамасымен жүзеге асқан бұл шара – университетіміздің игі дәстүрлерінің біріне айналды. Әдеттегідей кешке озат студенттер қатысып отыр. Бұл – ҚарМТУ студенттерінің Қазақстан жастарының элитасы екендігін дәлелдей отырып, білім алушылардың бірегейлігін айқындайды», – деді.

Айта кеткен жөн, қатысушылар балға үш ай бойы үздіксіз дайындалды. Кеште олар тек жұп болып өнер көрсетумен шектелмей, қонақтармен де дөңгелете вальс биледі. «Ханзада және Ханшайым» атағын иеленген үздік жұп Ернияз Заманбек (Энергетика, автоматика және телебайланыстар факультетінің 3-курс студенті) және Анара Асқарова (Тау-кен факультетінің 3-курс студенті) сайысқа тыңғылықты дайындалыпты. Жастардың өнері көптің көңілінен шықты. Ал, «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алған Айбат Қалқаманов (Сәулет-құрылыс факультетінің 3-курс студенті) және Дильфуза Байжігітова (Жол-көлік факультетінің 3-курс студенті) жылына бір рет өтетін бұл кешті ұзақ күткенін, дайындықты босатпағанын айтады. Би кешінің соңында үздіктерге демеушілер тарапынан сыйлықтар мен диплом табысталды. Жастар жағы әсем әуенге ұласқан би ырғағымен кештің көркін қыздырды. Әсем кештің куәгері әрі қатысушысы болған талантты жастардың ата-аналары оқу орны басшылығына жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Cуретті түсірген

Ж.Иманәліұлы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button