Архивы Мұхтар ӘУЕЗОВ - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Ақтоғайдың пассионар тұлғалары
Ұлт руханиятында қай жағынан алғанда жоғарғы орында тұратын Тұлға аталатын ұғымға сай келетін Ақтоғайдың төл перзенттерінің ғұмыр жолы мен қалдырған баға жетпес мұрасы – шын мәнінде тек мақтап-мадақтауға ғана емес, зерттеп-зерделеуге тұрарлық мол қазына. Тұлға – ұлағаты терең және үлгі-өнегесі жойылмайтын ұғым. Ұлт тарихында есім-сойы өз дәуірімен бірге аталар, заманымен бір ұғым, бір құбылыс болып біте қайнасып кете беретін тарихи тұлғалар болатыны ақиқат.

Коллажды жасаған А.Коктаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз» деген болатын. Осы айтылғандай, біз де алтын бесік Ақтоғайдың, Тоқырауынның қасиетті арнасынан шыққан қайталанбас біртуар тұлғаларымыздың бар болмыс-бітімін толықтай зерттеп-зерделей алмай келеміз.

Абайтану ілімінде Семейдің Шыңғыстауын «Ұлылар мекені» деп атайтын пікір қалыптасты. Оған негіз болып отырған Абай және оның ақын шәкірттері, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов секілді тұлғалардың шығуы екені анық. Ендеше біз де Ақтоғайдың қасиетті топырағы, Тоқырауынның киелі суы бар атамекенімізбен және ұлт тарихында төрден орын алған ұлы тұлғаларымызды құрмет тұтамыз. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда бұл орынды да.

Сыр бойының тумасы Досбол шешен ел аралап жүрген бір сапарында жолы біздің осы Сарым еліне түсіпті. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, сонда елмен жата-жастана танысып-біліскен соң қайтарында біздің елге:

Тұяқтысын семіртіп,

Пұл қылатын жер екен,

Құл-құтанын сөйлетіп

Би қылатын жер екен,

Ағаштарын әсемдеп,

Үй қылатын жер екен.

Алпыстағы кемпірін,

Қыз қылатын жер екен, – деп баға беріпті.

«Елің, жерің жаман» деу былай тұрсын, «итің нашар екен» дегенге бола намыстанатын қазақ емеспіз бе? Қалай дегенмен де бұрындары да, қазір де Ақтоғайдың ел-жұрты, ұрпағы намыс тұтатындай кемдіктің болмағаны анық. «Кәрсөн» руының «Қозыбақ» атасының сөз біледі деген Иманбай атты бай да беделді бір адамы атақты Керней Құлжанбек болыстан:

– Бізде ел жақсысы кімдер болады? – деп сұрапты. Сонда Құлжанбек болыс еш ойланбастан:

– Ол – Сарым елі, – депті. Иманбек өркеуде, тентек мінезді адам болса керек, бұған бірден ашу шақырады да:

– Қалайша Сарымдар жақсы болмақшы? – деп келісе қоймапты. Сонда Құлжанбек болыс айтыпты:

– Оған үш бірдей айтарым бар. Біріншіден, Майқы баласы қоңсыны көп қондырады, іштеріне келген Тобықты, Табын, Қожа, Алшын, Керей баласын бөлектемеді, әрқайсысын тайпа ел қылып, өз билігін өзіне берді.

Екіншіден, біздің ел мына шөлден жайлауға Наршөккенге көшкенде жолда Талды мен Нұрада отырған Сарым елі жері үстіне барып қонамыз. Сонда «мұның қалай?» демейді, «қашан көшесің?» демейді, көшкен күні жылап айырылысамыз. Ал әрі «Қызылтау» барып қонғанда Қояншы-Тағай ағамыздың балалары қолына бір-бір сойыл алып, жылқыға күн туғызбайды, тез арада көшкенше малға маза бермейді.

Үшіншіден, Майқының артықшылығы «бізде де қожа бар, сізде де қожа бар, соларды біз не істедік? Біздер ұры еттік, сіздер жынды еттіңіздер. Ал Майқы баласы елін иманға ұйытып, баласын қожадан оқытып отыр» деген баға беріпті.

Міне сырт ел осылай бағалаған елімізден шыққан ұлы тұлғаларды тек санамалап қана тоқталайық.

1. Ұлт тағдыры үшін күрескен тұлғалар: Ә.Бөкейхан, Ә.Ермеков, Ақбайдың Жақыбы.

2. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен би-шешендер: Шабанбай би, Қараменде баба, Сана би, Күзембай би.

3. Ел қорғаны болған батырлар: Жидебай батыр, Жалаңтөс батыр, Ағыбай батыр, бүкіл Сарымды бастап Кенесары-Наурызбай көтерілісіне қосылған сұлтан Кұдайменде Ғазин мен Бабеке батыр.

4. Әдебиет пен өнер саңлақтары: Ә.Найманбаев, Н.Орманбетұлы, Шашубай ақын, Кенішбай ақын, Аққыз күйші, К.Байсейітова, М.Хамзин, М.Ержанов және бүгінгі Д.Әркеновке дейінгі тағы басқалар.

5. Қазақ баспасөзінің тұңғыш редакторы, публицист Д.Сұлтанғазин.

Енді бұларға ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерін қоссақ, ұзақ тізім жасауға болар еді. Оны бәрі біледі, сондықтан тоқталып жатпаймыз.

Міне, осындай ұлы тұлғалар шоғырының бір ғана Ақтоғай топырағынан шығып, ұлт тарихынан орын алу себебі неде? Ол – Пассионаризм! Пассионарлық латынша passio, французша рassion – құмарлық, құштарлық деген ұғымды білдіреді. Ғалым Л.Гумилевтің тұлғалар көп шығатын этностың пайда болу үдерісін түсіндіруде белгілі бір аймақта ғана аса дарынды да талантты тұлғалардың шығатынын дәлелдеу үшін енгізген ұғым, оның «Этногенез және Жер биосферасы» атты әлем мойындаған теориясындағы негізгі термин.

Л.Гумилевтің дәлелдеуі бойынша, аса қабілетті этнос өкілдерінің қалыптасуы ғалым В.Вернадский ашқан ғарыштан келетін күшті энергетикалық түрткі – биохимиялық энергияның нәтижесінде өтеді. Осы түрткі топқа, қауымдастыққа, жеке тұлғаларға артық энергия береді – ол пассионарлық деп аталады. Міне, осы энергиямен қамтылған ру қауымдастығы мен жеке тұлғалар ерекше қабілетті және белсенді болады, олар алдарына қойған мақсаттарына міндетті түрде жетуге ұмтылады. «Пассионарлар өзін тек белгілі бір мақсатқа жұмсайды, тіпті бар ғұмырын тек соған ғана арнауы мүмкін. Пассионарлар жаңғыру мен өзгерістерге жаны құштар адамдар», – деген Л.Гумилев пікірі біздің тұлғалар табиғатына сай келеді. Пассионарлық қауымдастықтар мен тұлғалар үшін мақсатқа жету өз өмірі мен тағдырынан анағұрлым маңызды және құнды. Оған мысалға үш Арысымызды айтсақ та жетеді. Бұл бір жағынан алғанда қазақи ұғымдағы ата-бабаның гендік тектілігін дәріптеуден туған «текті тұқым», «тегі жақсы», «қанына тартқан» деген секілді ұғымдармен астасып жатыр. Халық «жақсының арты жын болар», «жақсыдан жаман туар, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз» деген сияқты нақыл сөздерді босқа айтпаған да шығар. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан тектілік ұғымын биосфера мен ғарыштан келетін биохимиялық энергиямен байланыстыра зерделеу қажет.

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – галактика, жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихтың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді өкілдері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды. Міне, біздің топырақтың даналары мен таланттары осындай жандар.

В.Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Л.Гумилев пассионарларды сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жұмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады. Сонымен қатар пассионарлардың айналадағы адамдардың мінез-құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адамдық ұжымдар белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып, жекелеген пассионарлардың белгілерін сипаттай келе, Л.Гумилев әр дәуірде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Бұл ендеше жоғарыда айтылған Досбол би мен Құлжанбек болыстың сөзіне нақты дәлел.

Олай болса Қаздауысты Қазыбек би бабамыз қалың Қаракесекті Үш Қазылық – Қарқаралы-Кент-Қызыларайға әкеліп орналастырғанда, В.Вернадский жазып жобалаған, Л.Гумилев ғылыми дәлелдеген ғарыштан келетін биохимиялық энергияның ерекше әсері Ақтоғай топырағында тарихи аса дарынды да талантты пассионар тұлғалар шығаратынын данышпандықпен білген демеске амалымыз жоқ. Қараменде бабамыз Семейдегі қалың Тобықтыдан жырыла көшіп, Дадан Тобықтыны Тоқырауын арнасына орналастыруын кездейсоқ оқиға дей алмасақ керек. Ол да жеке пассионарлық тұлға ретінде өз ұрпақтарының ертең тарих сахнасына шығуына туған жеріміздің қадір-қасиеті, ғарыш әлемі мен биосфераның қуат күшін дәл болжай білгендігіне қайран қалмасқа болмас.

Әрі-беріден соң әлемде жоқ, ғалымдар таң қалатын Ақтоғайдың Ақбидайының бірнеше түрінің тек Тоқырауын арнасында өсуінің өзін осы ғарыштан келетін күшті биохимиялық энергия мен биосфераның әсері деп ойлауға негіз бар.

Қалай дегенмен де Ақбидай, Бесбас бидай, Қожабидай, Ақбикеш бидай тәрізді ерекше дақыл түрлерінің тек Тоқырауын арнасында өсуі – осы ғарыш әлемінен келетін биохимиялық энергияның, яғни пассионаризм теориясының ықпалы дер едік. Жаңа пассионарлық деген латынша құмарлық, құштарлық дедік қой. Сол жаңалық ашуға деген құштарлық қарапайым ғана агроном маман Омаш Байжасаровтың бір сабақтан бес масақ шығатын бидай түрін шығаруына туған жердің қасиетті топырағы мен суына ғарыш әлемінің төккен нұры себеп болған демеске болмас. Бұл турасында 2021 жылы шыққан «Абыз дала, Аңыз дала – Ақтоғай» атты кітабымызда толық бір тарау жазылған, қажет деп тапқан адам оқып таныса жатар.

Ғалым Т.Кәкішевтің «Жоқтамасаң, іздемесең, алтын да жарқырамайды» деген сөзі бар еді. Жоғарыда аталған пассионар тұлғалардың ортасында аз зерттеліп жүргендер сұлтан Құдайменде Ғазин мен Дінмұхаммед Сұлтанғазин. Не бір белгі, не аудан орталығында көше атауы да жоғы ұят. Сол сияқты үш Арысымыздай пассионарлық тұлға қатарына жатқызсақ, әрине, артықтау да болар. Бірақ бүкіл Қазақстан бойынша «жынды» атауымен тарихта қалған екі-ақ адам бар. Бірі – жаңаарқалық «жынды» Әбен, екіншісі – біздің «жынды» Ысқақ. Замана алға тартқан құлдық қамытқа басын имей, ноқтаға басы сыймай, жүз жасқа тарта ғұмыр кешу не құдірет, не құбылыс!? Екі адамның бірі кеңестік идеологияға деген ішкі қарсылығын ащы сатира, мысқыл сөз арқылы жеткізген жоқ қой. Егер ол жынды болса, басы академик Ә.Марғұланнан бастап, талай марқасқалар неге келіп сәлем беріп, ел-жер тарихын сұрауға келгені бізді де ойлантуы керек.

Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз ғой. Ендеше Ақтоғайдың да тек бүгіні ғана емес, өткен тарихы да жаңаша жазылу керек. Ағылшындарда «жалған ақша жасаушылар сияқты, жалған тарих жазушылар да өлім жазасына кесілу керек» деген сөзі бар. Ауданымыздың құрылғанына 100 жыл толу мерейтойы да жақын қалды. Соған «азған ұрпақ атасымен мақтанады» дегізбейтін, тайпалық, рулық сананы дәріптемейтін, ұлттық тұрғыдан ұлағатты, ғылыми тұрғыдан терең, тарихи тұрғыдан әділ энциклопедия шығару жұмысын осы бастан қолға алған дұрыс болар еді.

Жандос СМАҒҰЛОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті.

Сообщение Ақтоғайдың пассионар тұлғалары появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қарағандыда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің бюсті ашылды
Қазақтың заңғар жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Заманның заңғары – Мұхтар Әуезов» атты ғылыми конференция өтті. Кітапхана алдында жазушының бюсті, ал, кітапханадан М.Әуезов залы ашылды. Аталған шаралар қайталанбас жазушының туған күніне орай қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Алдымен, конференция өз жұмысын бастады. Жиынға қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхамедқали Әбдуов «М.Әуезов шығармаларындағы Абай мұрасы», филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Құрманғазы Сембиев «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы лексикалық қолданыстар», Қарағанды университетінің IV курс студенті Ақбота Шодырова «М.Әуезовтің әдеби мұрасының зерттелуі», №61 мектептің 10-сынып оқушысы Жанар Жумабекова жазушының «Қорғансыздың күні» әңгімесі мен «Қараш-қараш оқиғасы» повесі туралы тұшымды баяндама жасады. №4 кітапхана филиалының меңгерушісі Дана Ақпанбек М.Әуезовтің шығармасына арналған менталды картамен таныстырса, балаларға қызмет көрсету бойынша №5 филиал меңгерушісі Айғаным Балдаева да жазушының балаларға арнап жазған шығармаларына тоқталды.

Әрі қарай М.Әуезовтің бюсті салтанатты түрде ашылды. Оған аймақтың зиялы қауым өкілдері мен жастар, кітапханашы мамандар және бюсттің авторы, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Ербосын Бағыбаев Астана қаласынан арнайы келіп қатысты. Қонақтар жазушыны еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Жиында ҚР Білім меценаты, AMANAT партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков, «Ғасыр адамы» Темірғали Көкетаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры һәм бюсттің ашылуына бастамашы болған Есжан Әміров жылы лебізін білдіріп, бұл шараның жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызы ерекше екенін айрықша атап өтті.

Ал, қоғам белсендісі, Майра Абдрахманова енді осы маңда қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары оқылып жататын орталыққа айналдыру қажеттігін айтты.

Іс-шарада жас ақын Мәди Ұлағатұлы Мұхаңа арнау өлеңін, жас актер Ахай Жұмамұратов «Абайдың монологын», Ақшарқат Ешқұлова хакімнің өлеңін оқыды. Абайдан Мұхтарды бөліп қарау мүмкін еместігін тағы бір рет түйсіндік.

– Мұхтар Әуезовтің бюстін жасау мәртебесі бұйырғанына қуаныштымын. Бұл менің атақты тұлғалардан бесінші жұмысым. Бұған дейін Қалибек Қуанышбаев, Әзірбайжан Мәмбетов, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабай Шаяхметовтердің мүсінін салғанмын. Мұхаңның бюстін 1 айдай уақытта аяқтадым. Қиындау болды. Өйткені, ойлы көзі мен бөлек болмысын, образын ұқсату оңай емес. Өте жауапкершілікпен қарадым. Биіктігі – тұғырын қосқанда 2,5 метр, – дейді Ербосын Тоқтасынұлы.

Бюст ашылуынан соң, жиылған қонақтар кітапханаға кіріп, жаңадан ашылған жазушы залымен ондағы жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтитын жәдігерлермен танысты. Соңында айтыскер ақын Еркеғали Бекболат жырдан шашу шашты.

Осылайша, бір күнде үш бірдей шара өтіп, жиылған жұрт Әуезов әлеміне сапар шекті…

Жәлел ШАЛҚАР.

Сообщение Қарағандыда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің бюсті ашылды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Біз кітаппыз, оқылатын жалғасы бар…» Қарағандыға белгілі ақын Мұхтар Шаханов келді
«Мұхтар ШАХАНОВ келеді» дегенді естіп, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін бетке алдық. Жақындап қалғанда есік алдында студенттер сап түзеп, ақынды күтіп тұрды. Бұдан артық бақ бола ма, шайыр үшін?

Осы сәт Мұхаңның «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын кештеу алғаны миға сап ете қалды. Бірақ, мынадай поэзия кешінің алдында оны ойламауға тырыстық. Халық ағылып келіп жатты. Біз де орын алып үлгергіміз келіп, студенттер сарайына ұмтылдық. Мұндай аншлагты бұрын-соңды көрмеппін, өз басым. Ине шаншар орын жоқ. Бір орынды әзер тауып, жайғастық. Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар ағамыз кіріп келгенде, халық орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті. Осылайша, рух жоқшысы, ҚарУ-дың ректоры Нұрлан ДУЛАТБЕКОВТІҢ тікелей бастамасымен ұйымдастырылып, облыс әкімінің орынбасары Ербол ӘЛІҚҰЛОВТЫҢ қатысуымен өткен «Біз кітаппыз, оқылатын жалғасы бар…» атты әдеби-сазды кеш басталды да кетті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кіреберісте ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтитын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сахнадағы экранда М.Шахановтың көзтартар суреті мен ол туралы шетелдік атақты ғалымдардың пікірі көзге ұрып тұрды.

ҚарУ-дың студенттері «Мені неге Мұхтар қойған?» шығармасынан үзінді оқып, «Жарқын» би ансамблі сүйемелдеуімен «Ақ бантик» әні орындалды.

Кешті ақынның поэмаларын жатқа айтатын, сөзге шешен азамат Айтуған Ырысалды жүргізді. Сөз басында ақынның шығармашылығы мен әдебиеттегі орны һәм жеткен жетістіктері тілге тиек етілді.

Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, жан тәнімен елін, жерін сүйген, адал қызметімен үлкен-кішіге де үлгі болған Мұхтар ағамыз азаматтық поэзиясымен қатар, махаббат тақырыбында да қалам тербеген. Сан жүректің мұзын еріткен «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» сынды бірегей әндерін алты шекті гитарасымен Алаштың аяулы әншісі Сейіл Аяғанов шырқады.

«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, Ал махаббат – таусылмайтын әңгіме!» деп ақынның өзі жырлағандай, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері Ершат Қонақбаев пен Арайлым Жүкенова «Жұбайлар жыры» әнін тамылжытса, ҚарУ-дың қызметкері Қамбар Таласбек, «Тасада өскен гүл» әнін орындап, М.Шаханов туындыларының жалпыхалықтық сипат алғанын дәлелдеді.

Ал, жастардың сүйіктісіне айналған «Қарқаралы тобы», «Арқалықтың ақ таңын» әуелетсе, «Махаббат майданы» туындысын Сәлдет Шаймұрат шырқады. «Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді» – демекші, махаббатты сақтау үшін адалдық пен тазалық ерлік, өрлік және үлкен жүрек керек. Осы бір сипаттарды Мақпал Ершора жатқа оқыған ақынның «Ғайша» жырынан аңғардық.

Ұлы адамдардың достығы да, ұлы болады. Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар аға рухтас, сырлас, адал дос болған.

Екі елдің бауырластығындай болған достықтың құрметіне «Кәусар» тобы қырғыздың «Таң сыры» әнін орындады.

«Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те, Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте» – деп басталатын Төлеген Айбергеновтің сағыныш жайлы өлеңін Мұхтар ағамызға арналғанын біреу білсе, біреу білмейді.

Ал, бақыттың сипатын ақын мүлдем өзгеше өреді. «БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?» деп басталатын айтулы жырын залда отырған «Шабыт» ақындар клубының мүшелері кезек-кезек оқыды. Халық та қосылып отырды. «Сарын» ансамблі ақынның әндерінен попурри орындағанда қосыла шырқамаған жан қалмады.

– Мұхаңның әр өлеңі мен әр әніне халық қосылып отырды. Бұрын-соңды мұндай аншлаг болмаған. Бұл – Мұхтар ағамыздың ақындық қуаты мен азаматтық тұлғасына берілген халықтың бағасы. Әндерін тыңдап, жас кезіміз еске түсті. Бір жасап қалдық, – деді ақын Қойлыбай Асанов.

Кештің қыза түскен тұсында сахнаға ҚарУ-дың ректоры Нұрлан Орынбасарұлы шығып, ақын жырларынан үзінді оқи жөнелді. Тіпті, «Ғашықтық ғаламаты» туындысының орысша нұсқасын да шебер оқып шықты. Осыдан-ақ, кештің қандай әсерлі өткенін аңғаруға болады.

Нұрлан Орынбасарұлы сөз сөйлеп, шақыруды қабыл алып, студенттердің тілегін орындап, алтын уақытын бөліп, арнайы келген Мұхаңа алғысын жаудырды. Алып ақынды сахна төріне шақырып, университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен ақынға Қарағанды университетінің Құрметті профессоры атағын тапсырды.

– Мен қазақтың ең нашар ақындарының бірімін. Кезінде менің атымды атауға тыйым салынған. Соған қарамай өмір бойы шындық үшін күресіп келе жатырмын. Осында Лесәу (Сәуле) деген бастығым отыр. Лесәу бас болып, 60 сериялы деректі фильм жасалды. Соның барлығында басымды кесіп алса да, тек шындықты айтыппын. «Шындық кейде қалың «арпа ішіндегі бір бидай», Неге әділдік күресінде жұрттың көбі «Тымпибай?», Рухсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай, Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай» деп бұл туралы жыр да жазғам. Кезінде Гитлерден «Жаулап алған жеріңізге қандай саясат қолданасыз?» дегенде, «Ертеден кешке дейін жеңіл музыка қосып, ойлануға кітап оқуға мұрша бермеу керек. Өйткені, адам неғұрлым рухани өресі таяз болса, соғұрлым өзін бақытты сезінеді» деп жауап беріпті. Сол саясат қазір барлық мемлекетте жүріп тұр. Қазір қай телеарнаны басып қалсаңыз да Ырбикүлдер мен Жырбибайлар ән салып тұрады. Қарағанды халқының көңіл-ниетіне ризамын. Нұрлан бауырым нағыз азамат екен. Студенттерді жеңіл әуеннен арзан дүниеден алшақтатып, осындай рухани кештерді көптеп өткізіп жатыр. Өлеңдерім «бар-жоғы» 200- ден астам елдің тіліне аударылған. Халықаралық деңгейде «бар болғаны» 7737 сыйлық алыппын. Кейіннен алған Түркі әлемінің ең жоғарғы сыйлығын қосқанда 7738 болды, – деп жұртты бір күлдірді Мұхтар Шаханов.

«Туфли жалағыштар» туралы тебірене өлең оқып, «Осында отырған әр адамның жұлдызы тек шындық биігінде жарқырасын!» деп бата берді.

Айтулы кеш студенттердің Мұхтар ағамыздың «Рух пен тіл» әнін шырқаумен мәресіне жетті. Халық тік тұрып, ақынын құрметпен шығарып салды. Оқырмандарымен естелікке суретке түсіп, қолтаңба берді.

Қандай атақ Мұхаңа кеш берілсе де, ол халқының шынайы бағасын алды, үнемі халқымен бірге болды. Солай бола бермек…

Жәлел ШАЛҚАР.

Сообщение «Біз кітаппыз, оқылатын жалғасы бар…» Қарағандыға белгілі ақын Мұхтар Шаханов келді появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қарағандыда «Киіз үйдегі кітапхана» жобасы аясында «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау кеші өтті
«Киіз үйдегі кітапхана» жобасы аясында Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында қалалық әкімдіктің және Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау кеші өтті.

Оған Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Ләззат Әкілжанова, қалалық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Баян Нұртаева, ақын Салтанат Смағұлова зейнеткерлер, оқушылар, «Султик» клубы және кітапхана оқырмандары қатысты.

Талқылау кешінің мақсаты – қазақтың ұлы жазушысының еңбектерін болашақ ұрпаққа насихаттай отырып, Отанға, туған тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Киіз үйдегі кітапхана сол заманның антуражында безендірілді. Киіз үйдің маңында заңғар жазушының кітаптары қойылған кітап көрмесі жұрт назарына ұсынылды. Роман талдауы көрермендерді қызықтыра түсті. Кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» атты бөлігі желісімен сахналық көрініс қойды. Кейін сол көрініс негізінде кешке қатысқан мектеп оқушыларымен әңгіме өрбіді. Романның әр бөлігіндегі оқиға желісін әр қатысушы қысқаша айтып, сол заман шындығымен ұштастыра отырып, туындының тарихи мәнін ашуға тырысып бақты. Жұрттың кітап оқуға деген құлшынысы оянып, аталған сүбелі еңбекті оқуға ниет білдірді. Бұл кеш «Абай жолы» роман эпопеясын оқуға деген дайындық сияқты болды.

Бұдан бөлек, іргелі туынды негізінде дайындалған викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар мен кешке қатысушылар жамыраса жауап берді. Киіз үйдің ішінде қазақы құндылықтарды насихаттай отырып, өткен кеште ет желініп, қымыз да ішілді.

Іс-шара Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Туынды кейіпкерлері саябаққа келушілерді шақырды. Жиын барысында роман және мерейтой туралы толығырақ баяндайтын буклеттер таратылды.

«Киіз үйдегі кітапхана» жобасы аясында түрлі іс-шаралар-буккросинг, кітаптарды талдау, әдебиеттерге шолу жасау, мерекелік және мерейтойлық күндер атап өтіледі.

Сонымен қатар, бұған дейін М.Әуезовтің биылғы мерейтойына орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми-конференциясы, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы, Тұрсын Жұртбаймен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы өмірлік және көркемдік шындық» атты тақырыбында кездесу кеші, «Қорғансыздың күні» әңгімесі мен «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауы өткізілді. Кітапханашылар Үштөбе ауылындағы М.Әуезов атындағы көшенің тұрғындарына жарнама буклеттерін таратып, жазушы, ғалым туралы қысқаша мәліметтер берді. Өткізілген іс-шаралардың демеушілері – ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Бекзат Алтынбеков, «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері, «Нәтиже» компаниясы мен «220 VOLT» фирмасының бас директоры Ерлан Әшім екенін атап айтқан жөн.

Жәлел ШАЛҚАР.

Сообщение Қарағандыда «Киіз үйдегі кітапхана» жобасы аясында «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау кеші өтті появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Барымта
Жарық айлы түн еді, Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтадан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелері қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғынды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішінде ең ерекше жері — жаздың қандай ыстық күні болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын. Солтүстіктегі биік таулардан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айрылмайтын сияқтанушы еді.

Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты Өзек бойына шашырап қонған ақ шұбар ауылдар әр жерде, тарғақтың, үйрек-қаздың ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен дөңгеленіп, үймелей отыр еді. Ауылдардың көпшілігі жатқан. Түңліктері жабылған ақ үйлер ай сәулесі түсіп маңқиып, қара үйлер тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып қалғығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан — тегіс қалғытқан ұйқыда. Өзек бойында бір-біріне сүйеу болғандай болып, анда-санда даланы жаңғыртып айқайлаған күзетшілердің айтағы естіледі. Әр жерде бірен-саран иттер үреді. Күзетші сарылған дауыспен дағдылы айғайын созып зорайтып айтады. Ұйқы түніндегі күзетші айқайы тұманды түс көргендей болып қалғыған Кеңөзекті әлдилеп тербеткендей еді. Күзетшінің айтағы ұйқыға, тыныштыққа, демалысқа шақырғандай болады.

Ауылдардың көпшілігі жатқан болса да, кейбірінде бірен-саран үйлердің оты бар еді. Кей жер ошақтарда бірде үзіліп, бірде қайта қозданып, жалпылдап жанған оттар көрінеді. Түңлігі жабылмаған үйлердің шаңырағынан қызғылттанған сәуле көрінеді. Қызғылт жарық тіршілік белгісіндей болып көзді тартады. Әр ауылда жатпаған үйлер — кешірек жататын байлар үйі еді. Ел жататын мезгіл болса да, бүгін бұл үйлер жата қойған жоқ-ты. Үлкен үйлердің арасындағы кермеде әрбір ауылда суып тұрған ерттеулі аттар бар. Араларында жарау бәйгілер, дәмелі жүйрік айғырлар да көрінеді. Бүгінгі күн бұл ауылдардың қалың жылқысындағы сәйгүліктің бәрі де кермеде болатын. Аттар әлдеқалай дыбыс шықса, сарылып тұрған тыныштықты ауырлағандай болып тықыршып, пысқырып, кейбірі жер тарпып елеңдейді. Бұл аттар түстен бері тегіс мініліп, бусанып келіп, жаңадан байланған болатын.

Кеңөзектегі ауылдың кермеге ат-айғырын байлап, бүгінгі күн әбігер болуына себеп не болып еді? Енді соған келейік. Терісаққанның елі жыл сайын жайлауына келгенде, бұның жайлауы мен жайлауы жапсарлас болып аралас отыратын Қарағанды болысы болатын. Қарағанды, Терісаққан — екі дуанға қарайтын. Екі елдің руы да екі басқа, бір-біріне алыс болатын. Бұларды бір-біріне жақындастыратын жазғы жайлау ғана еді. Екеуі де малды, кісілі, жуансынған соқтыққыш ел болатын. Осы екі ел ру басы жуандарының бір-біріне сыз өткізсем деген бақталасы, бақкүндестігінен және солардың екі елді бүлдірген мінезінен барып, ақыры, бір-біріне қатты ушыққан, қатты аңдысып шатасқан ел болатын. Соңғы екі жылдан бері екі ел бір-біріне әбден өштесіп ап, қолдарынан келген қастықтарын аяспайтын болып еді. Жаулықта аралары ұзасқан болатын. Екі жағы да қарсы елдің басты кісілерін ұлыққа шағысып, талай-талай арыздар берісіп, адвокатпен де қуысқан. Бірақ бірін-бірі меңдетіп жеңіскен жоқ-ты. Ұлық бұлардың арасындағы дау-шарды жете тексерген жоқ.

Дуаны екі басқа болған соң, араларындағы шатасқан түйінді шешу қиын да болған. Сансыз көп қып берген арыздарынан кей уақыттарда, айлар өтсе де, жауаптар келмей қалатын. Бірақ бұл елдердің адамдары қыс болып аралары алыстаған уақытта ғана арызбен іс қылушы еді.

Жаз болып бір-біріне еріксіз жақындап, қоян-қолтық келгенде қолмен іс қылып: не ұрласып, не барымталасып, кей уақытта жасақ жиып шабыспақ та болып, дөңайбат жасасып қалатын. Осы сияқты хәлдер бірталай жылдан бері келе жатқандықтан бұлардың арасында ел ортасының жесір дауы, қоныс дауы, құн дауы сияқтылардай іргелі даулары да болатын.

Сондаймен көптен кіжінісіп келген елдер биылғы жылдың жазында бір-біріне қолдарын батырмақ болып, қыза қимылдасып еді. Ала жаздай жайлауда екі ел жақын отырған уақытта ел азаматтары түгелімен ат үстінде болған. Жаздай неше қилы әңгімелер болып өтті. Бір күні «пәленше таптан барымта алынып қалып, пәлен ауылдың жылқысына жау тиіп, айырып қалыпты» десіп, кейде «пәленнің екі-үш жылқысы өткен түнде жоқ болып шығыпты» десіп, тағы бір уақытта қораға ұры кіріп азан-қазан болып қалған ауылдардың түрлі-түрлі әңгімелері естіліп жататын. Екі елдің жаулығындағы бір дағдылы жұмыс: алғашқы көрші келіскен кезде бұлар көп алыспай, көп соқтықпай, бірін-бірі барлағаннан болып келіп, жаз ортасы ауғанда, әсіресе айрыла көшетін мезгіл жеткенде қызысып алысатын. Кей уақытта айрылып көшіп, арасы әбден елсіз болып алыстап кеткенше, түн асқан сайын бір оқиға болып қалып отырушы еді. Бүгін түнде Кеңөзекте отырған ауылдар — сол оқиғаның нағыз қайнаған ортасында болатын ауылдардың бірі еді.

Өйткені бұл ауылда Терісаққанның ең жуан жері — Досбол ауылы болатын. Терісаққан Қарағандымен алысқанда, Досболдың нұсқаған бетімен барып соқтығып қағысады. Биылғыдай жаугершілік болған жылдар барымташылардың топтары аттанса да, айтыс-тартыс болса да — барлығы Досболға мәлімделіп отыратын. Кейде көп сөз, көп кеңес Досболдың өз алдында болатын. Кеңөзекте отырған бес-алты ауылдың ортадағысы сол Досболдың ауылы еді. Бұлар жайлаудан қайта көшкен. Қарағанды да кейін серпіле бастаған. Сондықтан енді түн болған сайын жүдеу тартқан кемпір-шал: «Тағы не болар екен, тағы қандай пәлесі сап етеді?» — десіп, күрсініп налығандай. Желікті бозбала, ер-азамат аты мен сойылын сайлап, елең қағып әбігерлене бастайтын. Биылғы жыл Досбол Қарағандыны жуасытамын деп бата қимыл қылып, сол елдің өзіндей басты ауылы — Айдардан жақында отыз жылқы барымта алған. Бүгінгі түннен бес-алты күн бұрын олардың қуғыншылары келіп, сөз ала алмай қайтқан болатын. Сондықтан барлық Терісаққан болып, әсіресе Досболдың дәл өз маңайындағы жақын ел болып, енді Айдардан іс күтіп отыр еді. Досболдың тілеуіндегі жуан ауылдың көбі бұның ыстығына күйіп, суығына тоңбақ болып, өзді-өз ауқымындағы кедей-кепшіктерін де қолтығынан шығармай сойыл соғар қылып, әзірлеп жүрген. Екі елдің арасы алыстағанша бұның ауылы мен сол ниеттес жақын атқамінерлерінің ауылдары бірге қонып, бірге көшпекші еді. Бірақ ылғи малды бай ауылдар жақын отырса, қой-қозысы араласып, былыға беріп, түгендеуі қиын болған соң, Кеңөзекке алты-ақ ауыл қонып, өзгелері сол маңайдағы жақын-жақын қонысқа үйіліп-үйіліп, тығыздалып қонған болатын. Осы сияқты мазасыз болған хәлдің ішінде бүгінгі күн бір үлкен оқиғаны күткен күн еді. Аңдысып алған ел бұл соңғы уақытта бір-біріне соқтығуға бекінген соң, барлық сойыл ұстауға жарайтын жігіттеріне, барлық дәмелі жүйріктерін мінгізіп, күндіз-түні бірдей жер шолғызушы еді. Бұл сияқты сақтыққа келгенде Досбол өзге жауларының бәрінен айлалы, шебер, әккі болатын. Ол сойыл ұстатып, атқа мінгізген көрші-қолаң, кедей-кепшіктерге өз балаларын, туысқандарын да қосып, көбінесе өзі де қоса атқа мініп, дамыл алмай жер шолғызып, маңайды сүздіріп алып отыратын. Сондай шолғыншылары Қарағандының жалғыз аяқ болып жүрген жауларынан талай жортуылшыны бекініп жатқан жерлерінен басып қалып, түсіріп алып жүретін. Ел жайлауға келгенде Досбол өз жылқысына көп жылқышы салатын. Ылғи жаумен соғысуға жарайтын сенімді мықты жігіттер Досболдың жылқысында болатын. Сондықтан Айдардың бестен, оннан аттандырған кісісінің көбі талай келіп, жолы болмай, бос қайтқан. Кейбір соқтыққан топтары ұрысқыш жылқышылардың қолына бірен-сарандаған кісілерін де қалдырып кеткен. Досбол Айдардан соңғы барымтаны алдырғаннан бері сақтық пен пысықтықты бұрынғысынан да асырып еді.

Маңайдағы елдің «соғысады» деген ірі жігіттерінің көбінің астына сенімді ат беріп, сойыл-шоқпарларын ыңғайлап, кейбіреулеріне мылтық та беріп, өз ауылында сақтайтын. Күндіз-түні соларға жер шалғызатын. Бірақ осылардың бәрінің ішінде Досболдың ең нық сенетін бір жігіті бар еді. Ол өзінің жылқышысы, бір жесір кемпірдің жалғыз баласы Қалбағай болатын. Қалбағай отыз жастардың шамасына келген кең жаурынды, дөңгелек денелі, өзгеден ерекше біткен қайраты мен жүрегі бар, шоқша сақалды қара жігіт еді. Бұны «Қарағандыдан шыққан жаудың албастысы» деген атақ Терісаққанға түгел жайылған болатын.

Соғыстағы шапшаңдық, мықтылықтың үстіне, бұл қыстыгүні ат құлағы көрінбейтін боранда, айсыз қараңғы түнде жылқының ішінен бірде-бір күн қалмайтын. Қапысы жоқ. Жалығары, қажуы жоқ ерекше біткен жан еді. Қар төсеніп, мұз жастанып, дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін. Қосты ылғи өзі бастап жүріп көшіріп, алдындағы малын қыстың жұтынан, қасқыры мен жауынан, жаздыгүні барымташыдан ылғи аман алып қалатын. Қалбағай жылқының құты, өзіне тиген малдың берекесі еді. Жылқы да Қалбағайды танығандай еді: нелер шу асаулар Қалбағай боз айғырмен қуғанда қалтырап, қаша алмайтын. Дөнен-бестісіне шейін жүген-құрық тимеген асаулар Қалбағай не бұғалық тастап, не құрық салғанда, тақымын қозғауға жарамай, шыңғырып барып жығылып, не темір қолдың күшіне бағынып, буынып жуасып, бойсұнып тұрып қалатын. Қарағанды жауларын айтқанда Қалбағай мазақ қылып: «Жаман жігітті кім жықпаушы еді: жауды көрсе, буыны босап кететін жігітке жауға шауып не керек?» — дейтін. Бүгін сол Қалбағай жылқыда еді. Досбол Қалбағайдың қасына жеті-сегіз жігітті қосып беріп, өзге азаматты ауылында сақтап, аттарын байлатып отырған. Бүгінгі күннің өзгеден ерекше қаупі бар. Өйткені далада жүрген түйеші түстен кейін Қарағанды жақтан шыққан бір топ жауды көрген. Түйешінің айтуынша, алыстан көрінсе де, жау қарасы мол, жүрісі қатты, беті — Кеңөзек айналасындағы ел болғандай. Бұлар Кеңөзектен құнан шаптырымдай жердегі Қызылтасты бетіне алып келе жатқан сияқты деген. Осы хабарды ауылға түйеші екінді кезінде келіп айтқан еді. Шолғыншылар түн боп кететін болған соң, ұзап шығып, жер шала алмай: «Қапыда айрылып қалармыз, енді жауды ауылда жылқыдан тосайық, не болса да, өздері келгенде қақтығып көрейік», — дескен. Қазіргі уақытта ел жатқанша жылқыда жүріп күткен шолғыншылар енді: «Ол жау соқтықса, таң ата жылқы иіруінде соқтығады; оған шекті тамақ ішіп келеміз». — деп ауылға келген. Бұлар тамаққа келерде жылқыны ауылдан өткізіп, ел жаққа шығарып, ауылға жақындатын әкеп салып, жылқының ішінде бұрынғы жылқышылардан басқа тағы алты-жеті кісіні қалдырып келген болатын.

Көпшіліктің айтуынша да, Досбол мен Қалбағайдың болжауынша да бұл жолы Қарағанды мықтап сайланып соқтығуға лайық еді. Соңғы уақытта Қарағанды жақтан жансыздан келген хабар: «Айдар Қалбағайдың да атын естіп, Қарағандыдағы мықты ұрыларды жиып жатыр, үлкен қолмен келіп, бір мықтап соқтықпақшы», — деген. Айдардың қолының ішінде бұл жолы Қонақай, Жоламан да болады деген сөз бар еді. Қонақай, Жоламан бір туысқан ұрылар болатын. Бұлар жалғыз екі болыс ел емес, осы маңайдағы жапсарлас елдің бәріне аты шыққан әрі әккі, әрі мықты жауынгерлер еді. Бұлар талайды зар қақсатқан жайлаудың қасқырындай ұрының көк бөрісі еді. Малды, белді ауылдардың сазайын көп бергендіктен бұларды көрсетуші көбейіп, аяғында, ояз бен маңайдағы приставтарға аттары белгілі болып, бұларды қуып жүретін. Қазірде бұның екеуі де аты шыққан «қашқын» еді. Соңғы кезде ұлық әлденеше рет қуып, келіп, ұстай алмай, ала алмай қайтқан. Ұлық қолына түспеген соң, бұлар қазақ қолына тіпті түспейміз деп бұрынғысынан да асқан болатын. Өздері үнемі қарумен мылтық, қанжармен жүреді деп жұрт шошына аңыз қылатын.

«Осы Қонақай мен Жоламанды Айдар бауырына тартып, қашқындық хәлдерін пайдаланып, ұлықтан бүркеген боп, өзіне пенде қып ап, Досболға қарсы салмақ болып жүр», — деген хабар болған. Сондықтан бүгінгі жаудың ішінде олар да болуға мүмкін еді.

Ауылға келген жігіттер Досболдың үйінде ас ішіп, екі елдің арасын, Қалбағайдың мықтылығын, Қонақайдың жүрістерін әңгіме қылып отырғанда, Досбол ауылының солтүстік жағында, өзеннің аржағында отырған ауылдан шуылдаған дауыс естілді… Үйдегі жұрт тегіс тына қалып, «бұ не?» десіп, елеңдеп, кейбіреуі жүгірісіп тысқа шыққанда: түн ортасында айқын шыққан: «Аттан! Аттан!» — деген көптен күткен суық сөз саңқ-саңқ етіп естіліп қалды. Үйдегі жұрттың бәрі алай-түлей боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде жылқы жақтан да түн тыныштығын қақ жарып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді.

Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдап шапқан көп аттың тасыр-тұсыры мен сатырлап қатты қағысып жатқан сойыл дауысы да естілгендей болды. Шеткі ауыл жылқыдан шыққан «аттанды» естіп шу еткен екен. Тысқа шыққан ер-азамат қарбаласып, ерсілі-қарсылы жүгіріп қақтығып жүріп, сойыл-қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін сарт-сарт етіп аттарына мініп жатты. Алғашқы шу мен жылқы жақтан шыққан «аттанды», сатыр-сұтырды естіген ат-айғырлар тықыршық атып шыдай алмай, басы байлаулы болса да, кермені сүзіп жөнеліп, еліріп, тынышсызданып тұр еді. Бұлардың кейбірі асығып келген жігіттер мінгенше болмай шыр айналып, сабырсызданып алып жөнеліп жатты. Көп қарбаластың ішінде түгелімен тысқа шығып қалған ауылдың кәрілерінің: «А, құдай, сақтай гөр!.. А, құдай, жаманшылығыңнан сақта!» — деген шын жалбарынып, шын тіленген зарлары естіледі… Біреулері оларды ұрсып тоқтатып: «Қайтушы еді!» — деп қайрат береді. Үлкендердің араларында бала-шаға, қыз-келіншек бір жағынан жүрегі қалтырап тоңазып қорыққандай болса да, сонымен бірге дірілдеп қызық күтіп, біріне-бірі тығылып топтанып жүр.

Аттарына ілгері-кейінді мінген жігіттер біріне-бірі қарамастан сүзіп жөнелген ат екпінімен желдетіп, аспанды қақ жарғандай болып, «қайда, қайда?» десіп, үздік-создық шауып кетіп жатыр. Аздан соң ауылда еркек қалған жоқ. Досболдың өзі де кетті. Үйіліп қалған әйелдердің, бала-шағаның ортасында Қалбағайдың жалғыз кәрі шешесі Ұмсындық та бар еді.

Ол жүрегі белгісіз қауіптен қорыққандай болып: «А, құдай, ақсарбас!.. Кеселділердің отына күйгізе көрме, қарағымды! Жалғыздың жары құдай!» — деп тілеу тілеп жүрді…

Бұның жалғыз сүйеніші, жалғыз медеу қылғаны, — аға, бауыры жоқ, — жалғыз Қалбағай еді. Керек десе, жасы отызға жетсе де, әлі күнге кедейліктен қалың малын жеткізе төлеп қалыңдығын да алған жоқ еді. Кемпірдің бұндай қауіп үстінде көкірегін қарыс айыра ойлайтын арманының бірі сол да болатын.

Ауылдағылар шыдамнан айырылған сабырсыздықпен жылқы жақтың хабарын асығып күтті. Аттанған шабушылар бірталай уақыт бірін-бірі демеп, «қайда, қайда?» деп айқайласып, сол «аттан» шыққан бетке қарай қисая шауып кетіп қалды. Бірталай уақыт өткендей болды. Бұл кездегі айғай үзіліп-үзіліп, алыстан ғана естілген сияқты. Жау да, қуғыншылар да әлденеше белден, қырқалардан асып ұзап кеткендей болды. Жылқышылардан басқа ел кісілерінен, ауылдардан шапқан жалғыз Кеңөзектегі ел емес еді. Өзге маңайдағы ауылдардың бәрінен де, Досболдар шапқан уақытта, осылардың топтарындай болып, әлденеше топтар шуласып, ізденіп шапқан болатын. Әуелгі «аттан» даусы естілгенде бар ауылдардан жеті қараңғы түнде шулап шапқан көп аттылар жайлаудың даласы мен белін азан-қазан қылып еді. Кеңөзектегі ауылдардың үсті көп уақытқа шейін у-шуынан басылған жоқ-ты. Түн оқиғасынан сергіп қалған күзетші айтақтары да жиілеп, құшырланып шығып, иттердің үруі де үлкен шу жасағандай болып, молайып кеткен. Оның үстіне, далада шауып жүргендердің айғайынан басқа жақын ауылдардың қатын-қалашы бір ауыл ішіндегі әңгімеге қанағаттанбай, біріне-бірі барысып қалып, топтарын көбейтіп, у-шу әңгімені молайтып жүрді. Бұлар анда-санда өзара әңгімелерін үзіп, бірін-бірі: «Тоқта, тоқтай тұршы әрі», — деп тоқтатып тастап, құлағын тігіп, алыстағы алысқан жаулардың сөзін естіп, белгі білмекші болады…

Бұл кезде жау да, қуғыншы да әуелгі жылқы жатқан жақта емес, Кеңөзектің басын айналып, елсізге тартып, Қарағандыны бетке алып, оңтүстікке таман ойысып бара жатқан сияқты еді. Ауылдағы жанға жау Қарағандының жауы екені анықталғандай болды. Алыстағы көп сарынның ішінде кейде көп аттың тұяғының дауыстары, кейде сойыл даусы, кейде үзіліп, кейде шулап шыққан айғайлар естілгендей болады. Сол көп сарынның ішінде екі-үш рет алыстан атылған мылтық даусы да гүрс-гүрс етіп естіліп қалды. Ауылды осы сияқты белгісіздік халінде қалдыра тұрып, біз Кеңөзектің аяғында жатқан жылқышыға келейік.

Досболдың көрші ауылдары мен өзінде жеті-сегіз жүзге тарта жылқы бар еді. Күндізгі түйешінің хабарын тегіс естіген жылқышылар бүгін жылқыға тиетін жауды түн бола бастаған сайын асығып күткендей еді.

Қалбағай ымырт жабылған соң, күндіз бірталай мініліп қоя берілген боз айғырды ұстап мініп алған.

Өмірінде талай жау, талай барымташымен соқтығысып, қағысып көрген жырынды жылқышы бүгін қапысыздық пен сақтыққа түгелімен берілгендей еді. Ол өзге жылқышының бәрін анда-санда күлдіргі, көңілді әңгіме айтып сергітіп кетіп, ұйқыларын келтірмей еліртіп, өзі дамыл алмай жылқыны шыр айналып шығып отыратын. Жылқы күндегі дағдысынша тырағайлап, шашылып жайылуға айналып, айғыр үйірлері оқшау шыға бастаса, Қалбағай қайыртып, көп жылқыны топтап жайып келе жатты. Жылқы жатқан жер адырлы қабаты көп, жасырыны мол жер болатын. Сондықтан, көп ендетіп жаюға болмап еді. Жылқының шеті биікшелеу адырлардың тұсына келгенде, Қалбағай жылқыны тастай беріп: сыдыртып, ай сәулесінің астында қылаңмен жер шалатын. Ел жатар мезгілге тақалғаннан бері қарай Қалбағай бұрынғыдан да күшті сақтыққа салып, ширап алып еді. Ол тыным алмай, жылқы құлап келе жатқан өзектің айналасын кезек-кезек сүзіп, жауды барлап жүрді. Жылқыдан кейде жарты шақырым, кейде бір шақырымдай да шығып кетіп, қалғып тұрған сайларға келіп, жым-жырт болған түнмен бірге демін ішіне тартып, тымағын қолына алып, қатып қадалып тұрып қалатын. Бұл кезде боз айғыр да ұрлыққа көп мінілген дағдылы аттай болып, не бір пысқырып, не ер-тұрманын сылдырлатпай, Қалбағайдың тілін ұққандай болып мелшиіп, сарын тыңдап тұрып қалатын. Осымен ел жататын мезгіл әбден болғанда, Қалбағай жылқының күншығыс жағына шығып жер шалып, енді жылқыға қайта келгелі тақап қалғанда, күнбатыс жақтағы ай сәулесі түсіп тұрған боз төбеден самаладай болып жаудың көң шоғыры шыға келді. Бұлар жеті түнде үркіп қиқулап ұшқан қаздардай болып, төбе басында бөгелместен сатырлатып сойыл қағып, қалың жылқыны үркіте қиқулап, өзекке қарай құлай шапты. Жау қарасы көп еді. Алғашқы төбе басына қарай бұлттай, шоқтай болып үйіліп, жау шыға келгенде-ақ Қалбағай жүрегі селт етпестен жаудың санына көз салған. Бұлардың қарасы 30— 40-тан кем емес екен. Жылқыдағы кісі 15 шамасында болатын. Сайды басына көшіріп сатырлап шулап шапқан жауды көргенде, қалың жылқы «шұр» етіп үркіп, қатты жел күнгі дүрілдеп жанған өрттей болып Қалбағай жаққа қарай жосып жөнелді. Жылқышылардың бірен-сараны шошынып үркіп кеткен жүрекпен жылқымен бірге кетті. Жау қарсысына бір 12 кісі «қайт! қайт!» деп қарсы шапты. Аралары жақын болып қоян-қолтық келіп қалған жаулар ай сәулесімен шағылысқан ақ сойылдарды айдынмен көтерісіп, шапыр-шұпыр араласып, ұрысып қалды. Бірақ жылқышы саны аз. Жаудың жартысынан артығы жылқышымен ұрысқа, бөгеуілге қалып, өзгелері жылқының соңынан түре қуып жосылтып әкетпек болып бөліне шапты. Бұларды қуып үш-төрт жылқышы да шауып кетті. Жылқышылар екі-үш рет ұрысып, қағысып, байқасып шықты, Бұл жолғы жау бұрынғылардан гөрі бата қимылдайтындай түсі суық, екпінді еді.

Жылқышылар алғашқы жау қарасын көргеннен-ақ шуласып «аттан» салып еді. Әлі де сол дауыстары басылған жоқ. Жылқы жосылып, өзектен шығып, адырға қарай асып кетті. Алғашқы кезде кездесіп қалған топтар екі-үш айналысып ұрысқан соң, қалған жау да жылқының артынан салды. Жылқышылар шұбатылып қуды. Жау ішінде өзгелерден гөрі бөлекше болып, бата қимылдап екіленіп келіп ұрысатын және ұрған қолдары асығыс ұрып жүрсе де қатты-қатты тиетін екеу бар. Бұның бірі теңбіл көкке мінген, біреуінің астында құйрығы төгілген есік пен төрдей тор қасқасы бар. Бұлардың қолынан жылқышының үш кісісі түсіп қалды. Қашып ұрыс салып келе жатқанда да артымен, алдынан келгендей табандап ұрады. Әлдеқалай көп сойылдың арасына түссе, сойылдарын шыр айналдырып, бірен-саран болмаса, көп ағаштарды тигізбей шығады. Екеуі бір емес, барлық жылқышыға да көзге түсіп көрініп, өздерін танытып қалды, бұлар соғысқанда да алғашқы келгеннен-ақ: «Мен — Қонақай», «Мен — Жоламан»,— деп келіп салысқан болатын. Қазірде Қонақай мен Жоламан өзгелерден бөгеліп қала беріп, жылқышылардың бірталайын бөгеп ұрысып келе жатты. Сатырласқан ұрыс ішінде тістеніп егескен: — «я, шіркін-ай!.. Уа, кәпір-ай!..» дескен, шолақ-шолақ қылып айтып, бір-біріне ызалы болып, тұжырған сөздер естіледі. Осы сияқты ұрыспен жау мен жылқышылар жылқының көбінен өтіп, алдыңғы тобына жетіп қалды. Бұл топ жүз қаралы жылқы еді. Жаудың он бес шамалы кісісі бұл жылқыны өзгеден жырып алып, алдына төсеп салғандай болып сойылдап, шаңын бұрқыратып қуып барады екен. Кейінгі ұрыс салып, жаумен жағаласып келе жатқан жылқышылардың ішіне әлі күнге шейін Қалбағай келген жоқ.

еді. Ол өзінің үстіне қарай жылқы алғашқы дүркіреп жөнелгенде қалың жылқыға қақтығып шыға алмай қалып, сонда да тебініп, қамшыланып, ызамен қаны қайнап, жылқыдан сытылып алып, ұрысып жатқан қалың топқа боз айғырға қамшы басып, айғайды салып, жаңа шапқанда жау тобынан жылқыны бетке алып шапқан бір шоғырды көріп, соны түре қуған. Қалбағай жылқыға шапқан он-он бес кісінің тобына араласқанда бұған өз кісілерінен төрт-бес кісі қосылып еді. Бұлар қасындағы он беспен тізе қосып, қатты ұрыс салып келе жатты.

Бұл кезде Қалбағайдың қасындағы жігіттердің де жүректері орнына түсіп, ұрысқа төселіп алғандай еді. Қалбағай жау тобымен екі-үш рет араласып, салысып қалғанда бір жау аттың жалын құшып барып, өзгеден оқшау шығып кетіп, ауытқып барып түсіп қалып еді. Бұдан соң тағы бір айналысқанда алдынан қасқиып келіп табандасып ұрысқан жирен қасқа атты Қалбағайдың сойылымен бірге шаншылып түсті. Қалбағай бұл арада қара шоқпарды сүйсінгендей болып бір салмақтап алды. Жылқыны көздеп шапқан топ бұлармен ұрысқа бөгелмей жылқыны жарып жөнелмекші болды. Бірақ Қалбағай бұл жылқыны оңтайлықпен беретін сияқты емес еді. Жау мен жылқышының артқы тобы жақындап, сатырлап, жанталасып тақап қалғанда Қалбағай жанындағы жолдастарының тізесін қосып алып: «Менен жырылмай, жылқының ортасын қақ жарыңдар!» — деп боз айғырға қамшыны басып-басып келіп, жолшыбай сермелген сойылдарын қағып ұшырып, алдыңғы жаудан тобымен өтіп шықты. Сол бетімен жылқыны жан-жағына кезек-кезек машинаша жылдамдықпен сойылдап, айғайды салып, ұрып отырып, қақ жарып шықты. Дәл осы кезде топтанып, шоғырланып келе жатқан жылқы жан-жағына тоз-тоз болып бытырап жөнелді. Көбі кісінеп үркіп, кейінгі көп жылқыға қарай қайта жөнелді. Артқы жау шашырап жөнелгендерге ие бола алмай қалып еді. Алдыңғы жарылып жөнелген жылқының артынан өзге қалғаны да шашырап жан-жағына жөнеле бастады. Әрі-бәріден соң жау сойылы да бөгет бола алмады. Өзге көп жылқыдан бұл кезде жау ұзап кетіп еді. Басында алдарына түскен жылқыдан жартысынан артығы қашып кетті. — Қалбағай айырып алды.

Қазірде жаудың алдында жиырма бес, отыздай-ақ жылқы қалды. Қалбағай бұл уақытқа шейін жаумен ұрысқа көп алданбай, ылғи бестен, оннан жылқыны айырып келе жатқан. Ұрысты жылқыны айырып болған соң бастамақшы еді. Әрі-беріден соң жылқыдан жау алдында он бестей ірі жылқы қалды. Бұларды қалың жау ортасына қоршап алып, енді шетке шығармауға айналды… Жау бұл он бес жылқыға қанағаттанса да, қанағаттанбаса да, енді осыдан басқа жылқыны қайта оралып ала алмайтын болды. Өйткені жылқыдан ұзағаннан басқа сол кезде ауыл жақтан да шулап шапқан дауыстар естіліп қалып еді. Сондықтан олар енді жылқышыға өктемдік істеп кетпек болып, он шақты кісіге жылқыны қаматып қуғызып отырып, қалғандары бөгеуіл соғысқа шықты. Жау бұл уақытта ел қуғыншысынан бетін алыстатып, оларға тез жеткізбейтін болып, Кеңөзектің басымен күншығысқа қарай тартып еді. Енді қуғыншы жаудың өкпе тұсынан төтеден қосыла алмайды. Олар да артына түсіп қуатын болды. Қашқан жауға бұл бір тыныс еді. Олардың кіжініп келе жатқанын жылқышылардың қалыспағаны үшін соғысып жазалап кетуіне орын кең болды. Сондықтан жылқы қуғандарды алдарына сала беріп, өзге қалың тобы аттарының басын іркіп, жылқышыны тосуға айналды. Бұл кезде жау саны отызға толар-толмас еді. Өйткені бұлардың ішінен алғашқыдан бергі ұрыста Қалбағай төртті түсірген. Өзге жылқышылар екеуін түсірген екен. Оларды арттағы жылқышылар басып қалып, аттарын іліп алып, жолдастарына құтқартпай қойған. Бірақ оның есесіне жылқышылардың да саны кеміп еді. Анықтап төселіп ұрыспаса да қашып ұрысып жүріп-ақ, Қонақай мен Жоламан бес жылқышыны түсіріп кетіп еді. Бірақ Қалбағай қалған жылқышылардың тобын маңына тартып алып, ел кісісі артта қалғанын біліп, енді тізені жазбаңдар деп шауып келе жатып, басшылық бұйрық айтып, жұртты желпінтіп қиқулап қыздырып келіп, тосқауылға бөгелеңдеп қалған топқа артына ерген шоғырымен тұтас келіп араласып кетті. Бұл арадағы қақтығыс бүгінгі түндегі асығыс қарбаластағы ұрыстардың бәрінен бөлек, ең ірі ұрыс еді. Соғыс қызбастан бұрын жылқышыны жасқантпақ болып, Жоламан «қайт-қайттап» тұрып, алты атарды екі атып жіберіп еді. Оған соғысқа бойы үйреніп қызып алған жылқышылар бөгелмеді. Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылдаған шаң, бір жерде ұйлығып таласқан топ иттей жанталасқан, үймелеген үлкен топыр болып кетті… Екі жақ та секөнт сайын жапыр-жұпыр көтеріліскен сойылдарын жауларына жиі-жиі тигізіп, соғысты қыздырып бара жатты.

Аз уақытта екі жақтың қолынан тағы да иесі жығылған төрт-бес ат ойнап шықты. Бұлар Қонақай, Жоламан мен Қалбағай қолынан босатылған аттар еді. Бұл түнгі соғыс Терісаққан мен Қарағанды жаулығында бұл күнге шейін көрмеген соғыс. Мұның ерекше қызулы болуына себепші болған Қалбағай мен Қонақайлар. Осы қызу ұрыстың кезінде Қонақай бір жылқышыны құлатқан бетімен өз қолына өзі сүйсініп: «Мен — Қонақай… мен — Қонақай», — деп тағы да құлшынып шықты. Қалбағай көптен Жоламан мен Қонақайды басқалардың ішінен анықтап айыра алмай жүр еді. Бұл Қонақайдың даусын естігенде жолдағыларды тастай беріп, боз айғырдың жылдамдаған бетімен қарсы алдынан ойқастап кеп: «Олай болса, мен — Қалбағай», — дегенде, екеуі де ежелден кекті болып кіжініскен жауларша қарсы қарасып келіп, сойылдарын жұлып көтерісіп алысты. Бір-бірінен жалтарған жоқ. Табандап тұрысып салысып қалды. Екеуінің армансыз сынасатын жері осы еді. Қалбағай соны ойлағандай болды. Қонақай өзіне біткен шапшаңдықпен жылдам ұрдым десе де, ол екі ұрғанда Қалбағай үсті-үстіне төрт ұрып жіберді. Бұл уақытта жыбырласып ұрысып жатқан қолдар бұлардың маңайында қалмаған екен. Қонақай соны аңғарып, байқай бергенде құлағы тағы бір нәрсені шалып қалды. Ауылдан шапқан қалың жау қазір бұларға жақындап қалыпты. Мұның жолдастары соны естіп жөнелген екен. Олардың артында төрт-бес жылқышы қалмай кетіп бара жатыр еді. Қонақай бұл хәлді сезген соң теңбіл атты бұрып ала жөнелді. Кейінгі елдің айғайы жақындап келеді… Бұл ұрысып жүріп бұрылуға айналғанда Қалбағайдың сойылы дымыр-ақ көп тиіп жіберді. Атының бетін түзеп жөнелгенде, Қонақайдың басы шыр айналғандай болып зеңіп қалған екен…

Қонақай қашып келе жатып ұрысқан болса да, бұның атын боз айғыр жібермейтін болды да, Қалбағай мұны меңдететін көрінді. Оның үстіне ұрысып келе жатып артына бұрылып қарағанда, жақын кезеңнен асып келе жатқан ел қуғыншысының алдыңғы тобын көрді. Бұл топты көрген соң сасқандай болып тебіне бастады. Қалбағайға қазіргі уақытта Қонақай есі кеткен кісі сияқтанды. Бұрын: омыраулы, үлкен денелі, айбатты жауы қазірде жауырыны бүрісіңкіреп, еңкеюге айналғандай болды… Қалбағай мұны көрген соң тепсініп келіп, күшін жиып алып, екі ұрып жіберіп айдыны аса бастаған жау даусымен: «Түс!.. Түс!.. Өлесің!» — деді.

Соңғы екі ұрғанда Қонақай аттың жалын құшып теңселіп қалды. Боз айғыр барлығуға айналса да, теңбілді көп ұзатпайтын сияқтанды. Дақ сол уақытта Қонақайдың кейін қалып, әлі күнге жете алмай келе жатқанын біліп, Жоламан қайта оралып келіп қалып еді…

Жоламанның араға түсіп кететінін біліп, Қалбағай емін-еркін жетіп алып, меңдетіп алған жауын ақырғы рет табандатып бір ұрып түсірмекші еді. Сондықтан, айғырына қамшы басып Қонақайға тағы да сойыл салым жерге келіп қалды. Сол уақытта Қонақай Жоламанды танып, әлсіреп асыққан дауыспен: «Мен қалуға айналдым, әлсіреп кеттім!.. Ат!..» — деді. Сол сөз айтылғанша Қалбағайдың шоқпары қара құстан тап басып, зілдей болып ұрып жіберді. Қонақай қатты теңселіп кетіп, атының оң жақ қабырғасына түсіп барып, қайта әлін жиып көтерілем дегенде, екінші қабырғасына түсті. Сол уақытта Жоламан да араласып қалып еді. Қалбағай шоқпарды Қонақайға тиген бетінен жұлып алып, енді Жоламанды ұрмақшы болғанда мылтықпен созылған қол, боз айғырдың басын көздеп тұрғанда жасқанып барып, атылып кетті. Дәл осы секөнтте теңселіп бара жатқан Қонақай боз айғырдың алдына құлап еді…

Жасқанып атқан оқ, дәл жүрегінен тиген Қалбағай да мылтықтың түтіні айыққанша ат үстінде жоқ болып, Қонақайдың қасына бүктетіліп түсті. Жоламан Қонақайдың аты мен боз айғырды іліп алып жүріп кетті. Одан әрі айналуға уақыт тығыз еді. Өйткені қуғыншы тобы шулап келіп қалып еді. Боз айғыр жау қолында кете барып, Қалбағай жоқ болған соң ұрысып жүрген жылқышының бәрі: «Ой, бауырым!» — салып, Қалбағайдың басына жиылып қалды… Жау кете барды. Кейінгі қуғыншы да Қалбағайдың басында шулап жылап, үйіліп қала берді.

Жарық айлы бүгінгі түн қаралы қанды түн болды. Өз намысы оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына итаршылық жасады да, жайрап түсті қос арыс!

Мұхтар.

Мұхтар Әуезов

Сообщение Барымта появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Сөздің – кені, рухтың – демі
Ұлттық термин жасау ісінің білгір шебері, ғұлама ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм ЖАРЫЛҒАПОВ қазақтың сөздік қорына бес мың сөз енгізген екен. Қасиетті кітапта «Әуелі сөз болған» дегенін ескерсек, әлі де болса бұл кісінің ұшан-теңіз еңбегінің ұшпағына жете алмай жатқанымыз байқалады. Мемлекет, мәдениет, өркениет, аялдама, балмұздақ, әуежай, тағы басқа сөздерсіз бүгінде аттап баса алмайсыз. Ұлт ақыл-ойының айнасы, болмыс-бітімі мен кескін-келбеті тілден көрінсе, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезовтен кейінгі ұлттық рухымыздың шырақшысы осы Ісләм аға ЖАРЫЛҒАПОВ екені өзінен-өзі айқындалып шыға келмей ме?

Ғалымның 100 жылдығына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық конференцияны облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі жүргізіп отырды. Қалғып кете жаздап отыратын кей жиындардай сүлесоқ емес. Қазақ сөзінен ұшқын атқан рух қайнарындай келелі отырыста сергек отырдық. «Нұр Отан» партиясының ғимаратында облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған алқалы отырыс ресмиліктен ада шықты.

«Бабадан қалған асыл мұраның қадіріне жетіп, оны өскелең ұрпаққа саф, таза күйінде аманат ету – елдігіміз үшін аса маңызды» деп білемін деп бастады сөзін Ерлан Жақанұлы. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі», – деп тіл құдіретін ерекше бағалауы да тегін емес.

Ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын айтқанда, әсіресе сөзжасам, термин, терминжасам, аударма мен терминология саласына қатысты сөз қозғағанда тарланбоз термин жасаушы, ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм Жарылғаповтың есімі ерекше аталады. Ол қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін аянбай еңбек еткен ұлт қайраткерлерінің сара жолын жалғастырып, бар күшжігерін, қарым-қабілетін ұлт тілінің өркендеуіне, сөз байлығын арттыруға, лингвистикалық қорымызды заман талабына сай жаңа сөздермен, терминдермен жаңартып, толықтыруға өлшеусiз үлес қосты.

Біз Ісләм ағаны кім деп білеміз? Біріншіден, Ісләм ағамыз сөз жасаудың теңдессіз шебері. Мысалы, күнделікті өмірде жаппай қолданып жүрген аялдама, көрермен, тыңдарман сияқты қаншама сөздер қазақ халқының тілдік қорын еселеп байытты. Және бұл сөздердің санамызға сіңіп кеткені сонша, қазақ тілінде мұндай атауларсыз сөйлеу мүмкін емес. Әлем таныған Шыңғыс Айтматов «біздің Ісләм Жарылғаповтай жазушымыз болса, аяғын жерге тигізбей, арқалап жүрер едік» десе керек» деген аймақ басшысы халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке сөз берді.

«Ісләм Жарылғапов мұрасы тек қана қазақ халқының емес, түбі бір Түркі халықтарының ортақ байлығы болып табылуы тиіс. Оның тілтану саласындағы еңбектерін бауырлас елдер тіліне аудару қажет. Еліміз латын әліпбиіне көшу барысында бұл мәселе тіптен өзекті» дейді Дүйсен Қорабайұлы.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырәлі «Ұлттық код деген – біздің ана тіліміз. Біздің ғасырлар бойғы дәстүріміз, тарихымыз, шежіреміз, мәдениетіміз, ұлттық болмысымыз бен келбетіміз осы тілімізде жинақталған. Ісләм аға – Алаш арыстарынан кейін ана тілімізге қалтқысыз қызмет еткен қазақ халқының ұлы перзенті. Ісләм аға дүниеге әкелген сөздер Қазақстанда ғана емес, Түркі әлемінде қеңінен қолданылады. Сөзжасам, тілтану ілімінің басында Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз тұрса, сол даңғыл жолды кеңестік кезеңде Ісләм ағамыз жалғастырып, дамытты. Біз бұл кісіні еске алып қана қоймай, латын әліпбиіне көшу барысында Ісләм аға мұрасын негізге алуымыз керек. Тілдері ұқсас бауырлас елдер арасында байланысты нығайта түсу үшін осы ағамыздың мұрасы ауадай қажет. Бауырлас Түркі халықтары кейінгі 25 жылдың ішінде бірбірінен біраз алшақтап кетті. Қазақ, қырғыз, тағы басқа елдер терминшілерінің әрқайсы өзінше термин жасағандықтан, тілімізде алшақтық пайда болды. Ал, халықаралық Түркі академиясының басты қызметі – тілдік жақындастықты қамтамасыз ету. Біз қазір сол мақсатта жұмыс істеудеміз. Осыдан 130 жыл бұрын Түркі халықтары оқымыстыларының мақалалары жарияланып тұрған «Тәржіман» газетінде «болашақ ортақ тіліміз қай тіл болуы мүмкін» деген тақырыпта пікірталас жүрген. Сонда оқымыстылар «ортақ тіліміз осман түріктерінің тілі болуы мүмкін немесе қазақ тілі болуы мүмкін» деген. Осман түріктерінің тілі жақсы дамығанымен, араб, парсы, еуропа сөздерімен көп былғанған. Ал, Шыңғысхан заманындағы тұнық, таза атабабаларымыз тіліне ең жақыны – қазақтыкі. Өркениетке ілесетін болсақ, болашақта бізджақындастыратын қазақ тілі болуы мүмкін деп жазады. Осыдан 130 жыл бұрын. Тағы да осы «Тәржіман» газетінде МәшһүрЖүсіп Көпейұлы «біз араб, парсыдан енген сөздерді сол қалпында қолданысқа енгізсек, ана тілімізді бұзады» деп ескертеді. Мінекей, Ахаңдардан кейін ұлтымызды сол мұратқа жеткізген жалғыз тұлға – Ісләм Жарылғапов».

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерден Қажыбек ұйымдастырушыларға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаттарын табыстады.

«Елбасы бастаған «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты – Ісләм Жарылғапов сынды тұлғаның ісін ұлықтау. Тілдік реформа. Бәрі тілден басталады. Негізгі мағынасы сананы жаңғырту. Ісләм ағамыз сонау қиын кездерде осы тіл үшін Жеке батыр сияқты үлкен бір империямен жалғыз соғысты. Елуінші жылдардан бастап жұмыстан шығара берді, шеттете берді бұл кісіні. 1940 жылы әліпбиіміз латыннан кирилге ауыстырылды. Сонда 1957 жылы ғана қазақ тілінің емлесі шықты. Бірде-бір тілші үн қатпаған ол кезде. Жалғыз Ісләм Жарылғапов қана пікірін ашық жариялады. «Бізде қазір ғылыми орфография жоқ. Бар деп жүргеніміз – еплептика ғана. Бір тілдің ішіне сыймайтын, қарама-қарсы ережелерді зорлық-зомбылықпен қосақтап қойған бұл еплептикалық орфографиясымағымыз қазақ тілінің ішкі заңдарын быт-шыт қылды. Үндестік заңын жойды. Сөздердің бірігу, кірігу заңдарын жойды. Ескі сөзден жаңа сөз жасауға тыйым салды» деп ашық айтты. Осылай ойын ашық айтқаны үшін өмір бойы шеттетілумен өтті…

Қазір асхана, жиһаз дейміз. Бұдан да басқа көптеген сөздер енгізді қолданысқа. Бұл – өлшеп болмайтын қыруар еңбек. Мәселен, «жеңіл буыңызбен» деген сөзде не мағына бар? Ол кісі «жаныңыз жадырасын» деп аударды» деді Ерден аға.

Келелі жиынды жүргізіп отырған облыс әкімі Ерлан Қошанов Ерден Қажыбек мырзаға «Ісләм ағаның тікелей ізбасарлары бар ма? Мәселен, мен қазір балкон сөзінің баламасы ретінде «қылтима» сынды аудармаларды естіп қалып жүрмін?» деген сұрақ қойды.

Бұл сұраққа Ерден аға «балкон дегенді біз сол қалпында қолданып жүрміз ғой. Мысалы, Ісләм аға бұл сөзді «кебежай» деп аударған. Қандай тамаша! Ашығын айтайын, қазір өкінішке қарай, ісләмтанушы, оның жолын жалғастырушы ғалымдар жоқ. Тіпті, Ісләм ағаның ұстазы ахметтанушы ғалымдар бар деп айту қиын. Ахаңды зерттеп жүрген ғалымдар көп. Бірақ, ахметтанушы деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Кезінде Ахаңның мектебі болды. Нәзір Төреқұл, Елдес Омар, Шонановтар, тағы басқа. Нақты ісләмтанушы кім дегенде, тілімізді тістеп қаламыз. Біздің қазіргі тіліміздің грамматикасы – орыс тілінің грамматикасының көшірмесі. Ал, Ахмет аталарымыз жасап берген төл грамматикамызға оралуды енді қолға алып отырмыз. Латын графикасына көшу барысында» деген жауап қайырды. Сөз соңында Ерден Қажыбек Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан Ісләм Жарылғапов есіміне бір-бір көше, мектептер берілсін деген қарар қабылдану керектігін кесіп айтты. Сондай-ақ, бүгінге дейін үйінде, ұрпақтарының қолында жатқан қолжазба еңбектерін (бес мың сөз) кітап қылып шығару мәселесі көтерілді. Егер ұрпақтары бейілді болса, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі баспадан шығарып беретінін жасырмады.

Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбайұлы баяндама жасады. Анкарадан келген Қажы Байрам университетінің профессоры, Түркітану орталығының директоры Хулия Ченгел «Ататүріктің тіл реформасы және Ісләм Жарылғапов» тақырыбында, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Булудхан Халилов «Әзірбайжан терминологиясы», Қырғызстаннан келген профессор Қыдыралы Қоңқобай «Түркі тілдерінің терминологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Жәнібек ӘЛИМАН,

«Орталық Қазақстан»

Сообщение Сөздің – кені, рухтың – демі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ұлт мақтанышы – ұрпақ жадында
«Сарыарқа дарыны» АҒПО және Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен «Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы Х дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияда ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасын, қазақ халқының әдебиеті мен тарихына қатысты ғылыми еңбектерін зерделеу көзделді. Мұғалімдер қауымы Алаш арыстарының атқарған игі істерін зерттей отырып, ұлт мақтанышының елдік қызметін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат етті.

Ғылыми-практикалық конференцияда бағыттар бойынша ұлы тұлғаның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан құнды мұралары, Мұхтар Әуезов және Абайтану ғылымы, ұлт мүддесі жолындағы саяси-әлеуметтік, педагогикалық, қоғамдық қызмет бағытындағы еңбектері айтылды. Х дәстүрлі «Тарих және тағылым» атты ғылыми-практикалық конференцияда Қарқаралы, Ақтоғай, Шет, Осакаров, Нұра ауданы, Жезқазған, Балқаш қалалары және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттары мен қала мектептерінен елу бес оқушы бақ сынады. Тарих және әдебиет пәні бойынша бөлінген үш секцияның әр бөліміде 20 оқушы жұмыстарын қорғады.

Бұл күні ғылыми тұрғыдан зерттелген, өзіндік жаңалығымен ерекшеленген жұмыс­тар аз болған жоқ. Ғылыми жұмысы бағаланып, жүлделі орын алған оқушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар мен грамоталар табыс етілді. I орын алған қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Бақыт БАЙМҰХАТОВА,

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті және қоғамдық пәндер кафедрасының жетекшісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Сообщение Ұлт мақтанышы – ұрпақ жадында появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ұрпақ игілігі – ұлы рух
Ұлы Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ өмір жолы мен шығармашылығы елімізде күн сайын насихатталып жатса – артық емес. Биыл туғанына 120 жыл толып отырған жазушының Алаш қана емес, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқырмандар білімін толықтырып, қиын да қызықты тағдырын келешек ұрпаққа үлгі ету – эстетикалық тәрбие. Осы орайда, Шет аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімнің ұйымдастырумен Мәдениет үйінде «Шоқтығы биік жазушы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

«М.Әуезовтің туғанына 120 жыл» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, әдеби шолу жасалды. Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер – әдебиеттің барлық жанрына қалам тартқан адамзатқа ортақ тұлға. Тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі.

Ұлы жазушының 120 жылдық мерейтойында 60 жыл кейін шегініп, жазушының Ташкентте ұлттар достығы съезінде сөйлеген бейнетаспадағы даусы оқырмандар назарына ұсынылды. «Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға дейін» атты М.Әуезов өмірінің тарихи тізбесіне арналған шағын слайд көрсетілді. Жазушы шығармашылығы жайында кітапханашы М.Құнанбаева «Әуезовтің әдеби мұрасы» және «М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты мәлімдеме жасады. Әдебиетші, өнерпаз Берікбол Амангелді М.Әуезовтің шығармаларына шағын шолу жасаса, оны кітапханашы Г.Мұхтарова «Ұлылық үлгісі» атты деректі баянымен толықтырды.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. Оның қазақ көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелгені – өз алдына бөлек әңгіме. Шығарманың әлем әдебиетінде «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алғанын бүгінгі ұрпақ құлағына сіңіре беруіміз керек, әрине. Осыған орай, дәстүрлі әншілердің Ж.Елебеков атындағы республикалық байқауының лауреаты Еркебұлан Ахметов Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындады.

Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан алған әсері жөнінде аудандық кітапхананың жас оқырманы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Қарақат Құрмашева баяндап берді. Жазушының ғылыми еңбектері, очерк, мақалаларына Б.Шідербекова тоқталды. Ол 1917 жылы жазған «Адамдық негізі – әйел» деп аталатын публицистикалық мақаласының өзінде елдік, мемлекеттік ойлар айтқан. «Ел болам десең – бесігіңді түзе!» деген М.Әуезов сөзін қазақтың әрбір шаңырағы маңдайшасына ойып жазып қойса, артық емес.

Оқырмандар конференциясы барысында М.Әуезов туралы оқырмандарымыз қаншалықты білетінін анықтау мақсатында сұрақ-жауап алынды. «Естеліктер сыр шертеді» слайды арқылы оқырмандарға М.Әуезовтің мұражайы таныстырылды. Ұлы суреткер өмірден өткеннен кейін өкімет қаулысымен 1963 жылы өзінің тұрған үйі мұражайға айналды.

Оқырмандар конференциясын ұйымдастырушы – тәлімгер, мәдениет қайраткері Гүлшара Қамиқызы сөз алып, рухани шараны қорытындылады. М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпаққа да сарқылмас игiлiк, ұлы рух. Оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiн ұрпақ жадында жаңғыртпай, ел боламыз деу – күмәнді әрекет.

Жәнібек ӘЛИМАН

Сообщение Ұрпақ игілігі – ұлы рух появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.