Архивы бәйге - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

«Өнегеңнен айналдым, әз Наурыз!»
– Алыстағы туысыңды, жақыныңды біраз уақыт көрмей кетсең, кеудеңді сағыныш кернейді, – деп бастады әңгімесін Ақжал кенті ақсақалдар алқасы кеңесінің төрағасы Серік Қамбарұлы. «Сол секілді ғасырға жуық уақыттан бері көз жазып қалған аяулы Наурыз мейрамын асыға күткеніміз шындық еді. Жас кезімізде ауыл-ауылды аралап, таза киімін киіп, маңайын шуаққа бөлеген жастарды, үлкендерді көретінбіз. Соғыстан кейінгі кезең ғой. Мен оңтүстік жақта өстім. Аумалы-төкпелі заманда бабаларымыз Арқадан үдере көшті емес пе?! Көп кешікпей елге оралдық, біраз ағайындар сонда қалып қойды. Қазір ойлап қарасам, Наурыз тойын өз араларында жасырын атап өтеді екен ғой. Бүкіл халықтық мерекеге айналған Наурыз 1988-1989 жылдары біржола ортамызға келіп, арқа-жарқа күй кештік. Осыған тәубе дедік, бірақ, наурызды өткізудің белгілі ережесі жоқ. Үлкендерден естігеніміз, кітаптан оқығанымыз бар, атап өтуге ұйғардық.

– Еске алып көріңізші, неден бастадыңыздар?

– Ұмытпасам, 1990 жылдың көктемі болса керек. Ақжал кентінің сыртына он шақты киіз үй тіктік. Әрине, қыс ызғары әлі кете қоймаған. «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз». Қатқан қарды сырып тастап, үй тігетін жерді тазалап, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргіздік. Шіркін, даланың сәні ақ шаңқан киіз үй ғой. Доғаға ұқсатып дөңгелене тігілген киіз үй бой көтерісімен, ауылдың сән-салтанаты кірді де кетті. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың біразынан көз жазып қалған екенбіз, көбісі көкіректе сайрап тұр. Ең бірінші киіз үйдің ішін бабалар аманатына сай жабдықтауға кірістік. Сол кезде зерделі әжелер, ауыл ақсақалдары болды. Киіз үй жабдықтары табылды. Ауыл ішінен көш керуен жүргізуді де ұмытқан жоқпыз. Ат үстіндегі бес қаруын асынған батырлардың сыртқы көрінісі қандай тартымды еді. Ошақта от маздады, наурыз көжені бұрқыратып, таңынан бастап қайнаттық. Қыстан қалған сүрдің иісі, жарықтық, бүкіл далаға жайылды. Бабаларымыз қандай данышпан, көреген еді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын», – деген игі тілек жан дүниеңді жадыратады. Өзіміздің жаңа жыл басы. Алладан тіледік, аузымызды ақтан айырмасын дедік. Келе жатқан жаз берекелі, ырысты болсын дедік. Сөйтіп, күн мен түн теңеліп, наурыз мерекесі қазақ даласын шарлап кете барды. Шындығында, жер-дүние мен адамзаттың бір сілкінетін кезі болады. Қыс бойғы ауыртпашылық артта қалып, жеңілдеп, алдағы күнге ізгі үмітпен қарау қандай ғанибет. Тұрмыс-салттың ертеден қалыптасқаны, сөйтіп, оны шаруашылық мейрамына айналдыру бабалардан қалған базарлық. Осы Наурыздың өн бойында ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы таңғы шықтай тұнып тұр емес пе? Бойжеткендер сәукеле киіп, ұлттық киімді жарқырата көрсетсе, жігіттеріміз ұлттық спорт түрін бағдарламаға енгізіп, оны жұртшылыққа өздері насихаттады. Арқан тартыс, асық ойнау, қазақ күресі, көкпар, бәйге – барлығы осы мейрамда көрініс табуы керек сияқты. Біз бар мүмкіндікті Наурыз тойында көрсетуге ұмтылдық. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, домбыра, қобыздың үнін шығарып, ауылды әнге бөлеу, алтыбақан аясында жастар шоғырланып, жиналып көңілді кеш өткізу, сырласу – шындығында бір әдемі дүние. Бара-бара Наурыз мерекесін өткізуге машықтандық. Кенттегі өндірістің әр цехы, ауыл ішіндегі әр мекеме киіз үй тігуді қолға алды. Мектеп, аурухана, балабақша ұжымы жылма-жыл наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізуге белсене араласады. Қыдыр атаның батасы әр жүрекке жетеді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді ғой атам қазақ.

– Ақжал кенті көп ұлтты емес пе?

– Иә, мұнда 4 мыңға тарта халық тұрады, орыс, неміс, корей ұлтының өкілдері бар. Олар қазақтың әдет-ғұрпын бойына сіңірді ғой. Тіпті, мына өндіріске сонау Ресейден келген жұмысшы мамандар да бізбен бірге наурыз тойын тойлап, шат-шадыман күй кешеді. Ауылдағы «Шұғыла» мәдениет үйінің өнерлі жастары да әр кез наурыз мерекесінің халықтық тұрғыда өтуіне ұйытқы болып жүр.

– Менің ойымша, – деп түйіндеді әңгімесін Серік Қамбарұлы, – Наурыз мерекесі – әр адамның жан дүниесінің жаңаруынан бастау алады. Әр үйдің ауласы тазаланады. Үйдегі тұрмыстық заттар жуып-шайып, ретке келтіріледі. Бір-бірімен ренжіскен адамдар табысып, кешірім өтінеді. Тал егіп, елді мекенді көркейту керек. Наурыз көженің иісін бұрқыратып, әр дастарқанның сәнін келтіру, барша адамзатқа жақсылық тілеу, арқа-жарқа мерекелік күй кешу – ғажап дүние.

Иә, ұзақ жылдар бойы Ақжал кентінде байланыс бөлімшесінің бастығы болған ақсақал Серік Қамбар­ұлын біраздан бері білеміз. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл», қазақтың ұлы сардары «Баян батыр» медальдарының иегері. Әр жылдары Ақадыр аудандық жергілікті байланыс бөлімшесінің бастығы, халықтық бақылау комитетінің төрағасы, ауылдық, селолық кеңестің төрағасы секілді қызметтерді абыроймен атқарған. Ұлы Отан соғысынан оралмаған жерлес жауынгерлер құрметіне ескерткіш-тақта орнату туралы бастама көтеріп жүр. Айтпақшы, биыл Серік Қамбарұлы 70 жасқа толып отыр. Сонымен қатар, өмірлік жары Светлана Әнуарбекқызымен отау құрғанына елу жыл екен. Аһарлы-шаһарлы әулет. Бақытты, берекелі ғұмыр кешіп келеді, немере, шөберелер өсіп жатыр.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Суретте: еңбек ардагері Серік Қамбарұлы мен өмірлік жары Светлана Әнуарбекқызы екеуі бала шағасының ортасында.

Сообщение «Өнегеңнен айналдым, әз Наурыз!» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ел мерейi – асқақ
Сәрсенбіде шымылдығы түсірілген ХХVІІІ Қысқы Универсиада Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Ел намысын қорғаған жастар бұрын-соңды болмаған жетістікке қол созып, жаһандық доданы екінші сатыда тәмамдады. Қоржынымызда – 36 жүлде. Медаль саны бойынша Ресейден ғана осал түстік. Кеңес дәуірінен қысқы спортта көш бастап жүрген теріскейдегі көршіміздің оза шабары бесенеден белгілі еді. Сондықтан, спортшыларымыздың бағындырған биігін – абыройдың төрі деп қабылдаған жөн-ау.

Жастардың жетістігіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық құрама мүшелерін құттықтады.

«Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы­командалық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының ай­қын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мек­тебінің даңқын тағы бір мәр­те ас­қақтатып, жоғары дайын­дық­та­рыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы Универсиада барлық қа­зақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды. Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс. Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарыс­ты жоғары деңгейде өткізіп, жауап­кер­шілік танытқаны үшін алғыс айтамын. Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді ба­ғындыру жолында табыс тілеймін!», – деді құттықтау хатта Президент.

Қысқы аламанның жабылу рәсімі «Алматы – Арена» кешенінде өтті. Салтанатты шараға ҚР Премьер-Ми­нистрі Бақытжан Сағынтаев, Ха­­лық­аралық студенттер спорты фе­дерациясының Президенті Олег Ма­тыцин, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және 2019 жылғы Универсиаданы қабылдайтын Ресей­дің Краснояр қаласының мэрі Эдхем Акбулатов қатысты. 57 елден келген 2 мыңға жуық спортшы да кешен ішінен орын алды.

Алдымен спортшылар шерулетіп жүріп өтті. Құрамалар Универсиада ойындарын сәтімен өткерген Алматы қаласына, қазақстандықтарға деген ақжарма пейілін түрлі тәсілдермен танытты. Мәселен, Канада құрамасы «Алматыға рахмет» деген жазуы бар плакатты алып жүрді.

Шоу-бағдарлама «Ұлы дала сырлары» музыкалық қойылымымен ашыл­ды. Әнші Ардақ Балажан әсем әнді әуелетті. Бұдан кейін скрип­кашы Жәмилә Серкебаева орын­даған Түркештің «Көңілашар» күйі тыңдарман құлағының құрышын қан­дырса, «Ұлытау тобы» Махамбеттің «Жұмыр қылышын» төкті. Осы жерде 150 барабаншы оларға музыкалық сүйемелдеу жасады.

Салтанат барысында ҚР Премь­ер-Министрі Бақытжан Са­ғынтаев сөз алды.

Мыңжылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спортсүйер қауымының көз тартар орталығына айналды. Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңа қырынан таныды. Халықаралық қау­ымдастық халқымыздың тамыры те­рең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлылығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекелестіктегі қайратын сезді. Алматы Универсиадасы әлем спортының тарихына өзіндік ізін қал­дырды», – деді Үкімет басшысы.

Халықаралық студенттер спорты федерациясының басшысы Олег Матыцин Универсиаданың өте сәтті ұйымдастырылғанын айтып, ұйымдастырушыларға деген ризашылығын жеткізді.

– FISU халықаралық студенттер спорты федерациясының атынан Қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізгені үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және ұйымдастыруға атсалысқан барша халыққа ризашылығымды білдіргім келеді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке және спорт сүйер қауымға алғысым шексіз. Спортшылар мен еріктілерге қолдау танытқандарыңыз үшін рахмет деймін, – деген ол Алматы Универсиадасын жабық деп жариялады.

Алматы шаһарының әкімі Бауыржан Байбек дүбірлі доданы өткізуге үлес қосқан барлық азаматтарға, жанкүйерлер қауымына алғысын білдірді. Универсиада жалауын Краснояр қаласының мэрі Эдхам Акбулатовқа тапсырды. Өз кезегінде мэр спортсүйер жұртты Красноярға шақырды.

– Келесі Универсиадаға дейін арада 752 күн бар. Красноярда кездескенше! – деді мэр. Жиында аталған қаланың тарихы мен мәдениетін таныстырған шоу көрермен назарына ұсынылды. Мұнда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин өнер көрсетті.

Универсиаданы ойдағыдай өткеруде еріктілердің де еңбегі молынан сіңгенін айта кету керек. Ойындардың ұйымдастырылуына 20 елден келген 3 мың ерікті бір кісідей атсалысты. Жабылу салтанатында олар үшін арнайы «Мың бұралған Алматы» әні қойылып, барлық еріктілер ортаға шақырылды. 78 жастағы канадалық Энтони Майкл Хилл мен ІІІ топ мүгедегі Серік Есмановқа ерекше алғыс айтылды.

Сәні мен мәні келіскен салтанатқа төрткүл дүние көгілдір экран арқылы куә болды. Шара тікелей эфирде әлемнің 80 еліне таратылып, миллиардтан астам көрерменге жол тартты.

Универсиада арқасында Алматыда маңызды спорттық нысандар пайда болды. «Алматы – Арена», «Халық – Арена» мұз сарайлары бой көтеріп, «Медеу» стадионы, Б.Шолақ атындағы спорт сарайы, «Шымбұлақ, «Сұңқар» спорт кешендері күрделі жөндеуден өтті. Шаһардың Алатау ауданында «Атлеттер қалашығы» тұрғызылды. Келешекте 1748 отбасы осы қалашықтағы жаңа пәтерлер кілтіне ие болмақ. Нәтижесінде, мегаполистегі тұрғын үй кезегі 10 пайызға кемімек.

Сөйтіп, Алматы Универсиадасын ел жастары 36 жүлдемен қорытындылады. Қазақстандық ең алғашқы алтын медальді үшінші жарыс күнінде биатлоншы Алина Райкова иеленді. Сондай-ақ, могулшылар – Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева, биатлоншы Галина Вишневская екі мәрте алтыннан алқа тақты. Ал, жүлделер саны бойынша шаңғышы Анна Шевченкоға тең келер спортшы табылмады. Аннада түрлі сападағы 5 медаль бар. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ел үмітін ақтап, биіктен көрінді. Хоккейшілер командасы тартысты жарыс жолында екінші орынды олжалады.

Универсиадада 85 медаль жиынтығы сарапқа түсті. Спортшылар конькимен жүгіру, биатлон, тау шаңғысы, шаңғымен трамплиннен секіру, керлинг, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей сындарында мықтылық байқасты.

Командалық бәсекеде Ресей құрамасы қара үзді. Ресейліктерде – 71 медаль. Оның 29-ы – алтын, 27-сі – күміс, 15-і – қола. Қазақстан еншісінде – 36 жүлде. Спортшыларымыз 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальді иеленіп, мерейімізді тасытты. Үздік үштікті 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медальмен оңтүстіккореялықтар түйіндеді.

Айтары сол, 31 мемлекет сайыскерлері жүлдеге мүлдем қол жеткізе алмады. Ал, жеңіс тұғырының бірінші сатысына, тек, 15 елдің өкілі көтерілді. Төмендегі кестеде командалық бәйгенің қорытындысын ұсынамыз.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Сообщение Ел мерейi – асқақ появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Алаш жүректі ақын
Биыл Алаш жүректі ақын Дәуітәлі СТАМБЕКОВ жетпіске келеді екен, тірі болса. «Артына өлмес сөз қалдырған, өлді деп тағы айта алмайсың» (Абай). Анығы, Дәуітәлідей жыр ғұмырдың шын ғұмыры енді басталды.

Қазір қазақ даласында Дәуітәлі Стамбековтің 70 жылдығын атап өту басталып кетті. Қасым дүниеге «дауылдатып» келсе, бұл ақын (қаңтардың 26-сы) борандатып келген екен. Ақынның туған күнін Қарағанды гуманитарлық колледжі өз деңгейінде атап өтті. Қарағанды ғана емес, Қазақстан көлемінде бірінші болып арнаулы әдеби кеш ұйымдастырған колледждің көреген басшысы Есжан Әміров пен оның ұжымының еңбегін айрықша атап өткен жөн. Астана бізден кейін ертесіне бильярдтан Д.Стамбеков атындағы бәйге өткізді. Мана қазақ даласында ақынның 70 жылдығы басталып кетті деуімнің мәнісі сол.

Ақын мерейтойына арналған кеш оның өлеңдерімен ашылды.

«Кіп-кішкене бөлтірікті ұрадан,

Алып келді біздің үйге бір адам.

Сыйға тартты шын қызықты біздерге,

Сол сыйлығы бәрімізге ұнаған.

Бірте-бірте бөлтірік те өзінің,

Кетті ұмытып бөрілік бір сезімін.

Шөп қорада ойнап жүріп бір күні

Көзі түсті жанарына қозының.

О, ғажап-ай, тұрып қалды таңданып,

Есі кетіп, көзі жанып, жанданып!

Содан кейін жалт бұрылып, жоқ болды,

Бұл қорада жүргеніне арланып». «Бөлтірік» атты бұл өлеңі біздің ойда бір оқығанда-ақ жатталып қалған. Жақсы өлең есте бір оқығанда қалады. Ақынның ақындығы осыдан-ақ белгілі.

Шара барысында колледждің топ-топ студенттері ақынның отты да ойлы жырларын бірнеше рет дүркін-дүркін оқыды. Бірінен бірі өтеді. Өзі туған Ақтоғайын жырға қосқанда, Әлихан, Әлімхан, Жақыптар жайында тебіреніп, «Бір еңкейткен секілді көкті жерге», – депті. Алаш арыстарына берілген баға – бұл.

Уақыт көшінен озып жырлаған ақын өлеңдеріне қайран қаласың. Кеңес үкіметінің кезінде «Армысың, ақырзаман!» деп бастапты бір өлеңін. Алматыда студент кезінің өзінде мінбеден айтып жүреді екен: «Егер күндердің күні Кеңес үкіметі құласа, қазір оқылып жүрген Маяковскидің азаматтық лирикалары өзінен-өзі керексіз болып қалады. Сол кезде ел тек адам жаны мен сезім сырларына үңілген Есенинге, бірыңғай лирикаға бас қояды», – дегенін замандастары естеліктерінде жазады. Алаш жүректі ақынның азаттықты көксеген арманы осыдан аңғарылады.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәуітәлі Стамбековтің бірнеше жыр жинақтары шыққан кезінде. Поэмалары қаншама. Қазақ поэзиясындағы Мұқағали Мақатаевтан кейінгі қуатты толқынның басында осы Дәуітәлі Стамбеков, Кеңшілік Мырзабеков, Жарасқан Әбдірашевтар бар. Мұқағали атамыз Дәукеңді «Батыр бала Болатбек» атап, ерекше жақсы көрсе керек. Небары 52 жас жасаған ақын дүниеден өткен соң, топтастырылған кітабы – «Жұмағым мен тамұғым».

Дәукеңнің атақты шығармаларының бірі – оның сөзіне жазылған «Таңғы тілек» әні. Әнді алғаш сахнаға алып шығып, орындаған Нұрлан Өнербаев. «Сен дегенде, сен дегенде таңмен бірге ояндым, Сен дегенде, сен дегенде күн нұрына бояндым. Екеумізге ауысса екен, аяулым, Адалдығы, адалдығы Қозы менен Баянның» деген ән мәтіні ел есінде болса керек. Кеш барысында колледж студентінің орындауында бұл да шырқалды.

Әдеби кеш аясында ақын өмірі мен шығармаларына қатысты деректер айтылып, фотосуреттері көрсетілді. Арқада туып, Алматыда ғұмыр кешкен ақынның өлең оқып тұрған бейнебаяны сақталыпты. Оны да тамашаладық. Кешті ақынның алдын көріп, соңынан ерген ізбасары Серік Ақсұңқарұлы қорытындылады. Ақын Руслан Нұрбай былтыр нәрестесінің есімін ақын құрметіне Дәуітәлі қойыпты. Соны тілге тиек еткен ол Дәуітәлінің «Көл жағалай бір бала жүгіреді» өлеңін оқыды. Аталған колледж директоры Есжан Әміров сөз сөйледі. Ақын Ілияс Мұқай ақпан айының 28 жұлдызында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Дәуітәлі Стамбековті еске алу кеші өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері, жас ақын Жанат Жаңқашұлы өлең оқыды.

Халықаралық «Алаш» әдеби сый­­лы­ғының иегері, ақын Серік АҚСҰҢ­ҚАР­ҰЛЫ:

– Батырлар жыры, жыраулар поэзиясы, одан беріде Абай, Мағжан, Қасымдары бар қазақ поэзиясының есігінен кірмек түгілі, табалдырығынан аттап басу – ақылға сыймайтын құбылыс. Қазақ жырына Мұқағалидан кейін келген қуатты толқын өкілі Дәуітәлі Стамбеков соның төрінен орын алған ақын. Егер алдымда Дәуітәлідей ағам жүрмесе, дүниеде Серік Ақсұңқарұлы деген басы жұмыр пенде болғанымен, ақын болмас еді…

Жәнібек ӘЛИМАН

Сообщение Алаш жүректі ақын появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.