Жаңалықтар

Табанды еңбек дамуға бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбатында жастарға сенім артатынын айтты. Оған дәлел – Президенттік жастар кадрлық резерві. Бұл жоба 2019 жылдан бері Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Еліміз бойынша мыңдаған жастар аталған резервке өтуге ниетті. Дегенмен, мықтының мықтысы ғана бірнеше кезеңдік іріктеуден тұратын бұл жобада жеңімпаз атанып, таңдаулылар қатарына өтеді. Жауапты мемлекеттік лауазымдарға тағайындалады. Бұл әдістің оң нәтиже беретініне сенім мол.

Сондай-ақ, сұхбатта Қасым-Жомарт Кемелұлы озық ойлы ұлт болу жолында жастарға еңбекқорлық, білімпаздық секілді жақсы қасиеттер керек екенін атап өтті. Шындығында да, тек табанды еңбек пен үнемі ізденістің арқасында ғана алға қарай даму болады. Бұл тұрғыда жастарға үлкендер тарапынан ақыл-кеңес беру үлкендердің үлесіндегі маңызды міндет деп білемін.

Жалпы, сұхбатта бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелер қозғалған. Қоғамдағы түйткілді сұрақтардың жауабы берілген. Сол себепті, жыл басында жарық көрген осы мазмұнды мақаламен еліміздің ертеңіне бейжай қарамайтын әр белсенді жас танысуы керек.

Сәттібай ЖҮНІСОВ,
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button