Жаңалықтар

Таңғы астың маңызы

Қазақта “таңғы асты тастаса, ырысы кетеді, бағы таяды” деп ырымдайды. “Таңғы ас тәңірден” дейді. Ол туралы аталарымыз мынандай аңыз айтатын.

Бірде бір ақылды жігіт болыпты. Оған ханның тоқалы ғашық болып, сөз салады. Жігіт “ондай ұятсыздыққа бармайтынын” айтып, көнбейді.

Қатты өшіккен аяр әйел оны өлтіруді ойлап, жан алушы жандайшапқа “Ертең таңертең ерте бірінші болып кім келсе, соның басын ал” деген бұйырып, хат жазып, жібереді.

Ертесі таңертең ханшайым жігітті жандайшаптан жауап алып келуге жұмсайды. Жолда келе жатқанда оған танысы кездесіп қалады. “Шай ішіп кетіңіз” деп жігітті үйіне шақырады. “Таңғы асты тастама” деуші еді аталарымыз деп ойлап, бұрылады.

Шай ішіп алып, жандайшапқа келсе, ханшайым өліп жатыр дейді.

Сөйтсе, ханшайым өлгенін көремін деп, жігіттің артынан іле-шала шығып келген екен. Жолда шай ішіп, кідіріп қалғандықтан жігіт аман қалыпты. Ал, бірінші боп жеткен ханшайымды жандайшаптар бұйрық бойынша өлтіріп тастаған екен.

Бұл аңыз не үшін айтылған?

Себебі, таңертең адамның асқазаны босап, тамақ дәметіп, бүкіл ас қорыту жүйесі жұмысқа дайын тұрады Ас қорыту сұйықтығы бөлінеді. Егер уағында тамақ ішпесе, сілекей, ұйқы безі сұйықтықтары асқазанның түктерін жеп қояды. Осылайша асқазанда жара пайда болуы мүмкін. Бұдан басқа ас қорыту жүйесі зақымданып, тамақ қорыту тәртібі бұзылады.

Қазір таңғы асты ішпей, оқуға не жұмысқа кететіндердің көбінің түрлі асқазан ауруларына шалдығу содан деп жатыр. Тіптен ондай аурумен балалар да ауыратын болды.

Дереккөз:   informburo.kz

Басқа материалдар

Back to top button