Жаңалықтар

Тәжікстанда тағы да 5,6 балдық жер сілкінді

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 7 сағат 35 минут 54 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. MPV магнитудасы – 5,6. Тереңдігі – 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оны алматылықтар сезінген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button