Рухани жаңғыру

Ұтқыр қадам

  

   11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» тақырыбында өткен парламенттік тыңдау мәмілесі ұлт руханиятына зор серпіліс әкеліп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қамтылған тарихи міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған ең ұтқыр қадамдардың бірі болды. Бұл – сөз жоқ, үздік отыздыққа ұмтылған Қазақстанның жаңа белеске басқан тарихи қадамы!

Латын әліпбиіне көшу – кеше қозғалып, бүгін шешім қабылданған, ертең енгізілетін асығыс таңдау емес, қоғамдық талқыдан өтіп, әбден екшелген, жүздеген, тіпті, мыңдаған лингвист ғалымдар мен сарапшылардың тері сіңген мәселе. Өйткені, латын әліпбиі – ғылым мен техниканың, интернет пен ХХІ ғасыр технологиясының тілі. Яғни, болашақтың тілі. Сондықтан да, біздің мемлекеттік  жүйе бұл мәселеге асығыс үңіліп, атүсті дайындықпен келген жоқ.

Отанын сүйіп, тәу етер Тәуелсіздігіміздің игілігін қастерлей білетін әрбір азамат Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған Ана тіліміздің қадір-қасиетіне бейжай қарамаса керек-ті.  Ал, мына реформа Мәңгілік Ел болуды асыл мұрат санаған Қазақ елінің ең басты қасиеті – Ана тіліміздің ұзақмерзімді тағдырына жауап беруге мүдделі.

Әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық технология мен инновациялық өнеркәсіп саласында тек қана осы латын тілін қолданып отырғандығын ескерсек, Елбасы бастамасымен қолға алынып отырған бұл реформа – тарихи маңызы бар  стратегиялық қадам.  Тіл – қашаннан ұлт пен ұлысты біріктіруші ұлы күш. Сондай-ақ, түбіміз бір тұтас түркі әлемінің тілдік нормаларындағы сәйкестіктің негізін біз осы латын графикасы арқылы айқындай аламыз.

Жаңа әліпбиді меңгерудің алғашқы кезеңдерінде орын алатын болмашы қиындықтарға бола, келбетті келешекке кепіл болар идеялардан бас тартуға болмайды. Латын әліпбиіне көшу – осындай өміршең идеялардың бірегейі,  біз  бұл реформаны  толықтай қолдаймыз, және оның  сәтті жүзеге  асуына бар еңбегімізді   жұмсаймыз!

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

ҚХА мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатының

 депутаты,

ҚР Білім меценаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button