Жаңаарқа

Тәуелсіздікке тарту

    Тәуелсіздікке тарту ретінде Байдалы би ауылдық округінде демалыс саябағы салынып жатыр. Осы мақсатта аудан әкімінің тікелей қолдауымен «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 11 млн. 291 мың көлеміндегі қаражат бөлінді.

Аудан әкімі Ғабдрахман Омаров жұмыс сапарымен Байдалы би ауылдық округіне барып, салынып жатқан демалыс саябағының құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты.

Байдалы би ауылдық округі, Атасу ауылының сыртында екі жыл бұрын тұрғызылған хоккей корты айналасының 320 метр аумағы қоршалып, кортқа таяу салынып жатқан демалыс саябағының құрылыс жұмысы ойдағыдай жүруде.

Қазіргі таңда қоршаудың қадалары қағылып, шарбақтары орнатылған. Сондай-ақ, баскетбол, во­лейбол алаңының бағаналары қойы­лып, ішіндегі жолдардың төсеме тастары төселген және 200 метр жерден су құбыры, 250 метр жерден электр желілері тартылған екен. Балалар ойын алаңы және жаттығу құрылғылары орнатылыпты.

Байдалы би ауылдық округінің әкімі Жанат Тажитовтың айтуынша, демалыс саябағында жаз уақытында мерекелік шаралар ұйымдастыруға болатын шағын сахна, жастардың би алаңы, субұрқақ және демалып отыратын орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылатын болады. Сондай-ақ, саябақта алдыңғы уақытта талдар мен гүлдер отырғызылмақшы.

«Тәуелсіздік» саябағының құрылысы қараша айының соңына дейін аяқталып, халық игілігіне ұсынылады деп күтілуде.

Индира АСАМИДАНОВА.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button