Жаңалықтар

Тәуелсіздік тәтті – ұғым

Қарағанды гарнизонына қарасты, «Астана» өңірлік қолбасшылығында 16-желтоқсан – Республика күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мәні ашылып, отаншылдық дәріптелді. Шарада «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ерболат Шерімбетов арнайы қатысып, әскери қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Суреттер: автордан

– Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.  Тәуелсіздік күні біздің қолбасшылықта жылда, үлкен деңгейде атап өтілуде. Бұл күн – елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Бұл – өткен ғасырда азаттық жолында шейіт болған Алаш арыстарының жанкешті еңбегінің жемісі. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан азаттықтың, осы бейбіт күннің қадірін білу аса маңызды. Біз бірлігімізді сақтап, ұлт мүддесі жолында еңбек етуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – бірлігіміздің негізгі темірқазығы. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Мереке құтты болсын, – деді Ерболат Шерімбетов.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты. Мерекелік кеш көрермендердің көңілінен шықты.

Айдын ТОНТАЙТЕГІ,
Қарағанды гарнизонының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button