Бас тақырыпКоронавирус

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылады

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде айтты.

“Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым.

Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы.

Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады”, – деді Президент.

Басқа материалдар

Back to top button