Жаңалықтар

«Тəртіпке бағынған құл болмайды»

Облыстың бас полицейі Санжар Əділов Балқаш қаласында орналасқан «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығына барды. Сондай-ақ, қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

– Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. Əр бала – елдің болашағы. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығымен бірлесіп, түзеу мекемесіндегі азаматтар əзірлеген ойыншықтарды сыйға тартамыз, – деді полиция генерал- майоры Санжар Əділов.

Осыдан кейін ведомство бастығы қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында Санжар Əділов тəртіп сақшыларына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың сəлемі мен талабын жеткізді. Одан бөлек, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша қолға алынған тұжырымдама мəнін жеткізді.

– Министрлік қоғаммен бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын əзірлеуде көп жұмыс атқаруда. Негізгі талап – қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Өзгерістер облыстық аппаратта, сондай-ақ, қалалық жəне аудандық бөлімшелерде болады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мəселелері қоғамдағы өзекті проблемаға айналды. Егер отбасында тəртіп болса, онда жақсы тəрбие болса, оны бойына сіңіріп өскен бала да құқықбұзушылыққа жол бермейді, – деп атап өтті Санжар Əділов.

Кездесуден кейін полиция генерал-майоры учаскелік полиция пунктінің жəне желілік полиция бөлімшесінің материалдық-техникалық жағдайларын тексеріп, оны жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button