Жаңалықтар

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстары басқармасының бастығы полковник Шерімбетов Ерболат Бекболатұлы Приозерск гарнизонынының әскери бөлімдеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің офицерлерімен алқалы жиын  өткізді. Басты тақырып Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің жеке құрамы арасындағы әскери тәртіпті жақсарту болғандықтан, алқалы басқосуда келелі мәселелер қаралды.

Сурет: автордан

Алдымен, сөз алған Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері  Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы әскери-патриоттық тәрбие ісін жандандыру барысындағы ерлік сабақтарын өткізудің мән-мағынасына тоқталса, келесі кезекте мінберге көтерілген Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы лейтенант Құрманғалиев Думан Жұмашұлы әскери бөлімдердегі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің алға қойған іс-жоспарын жүзеге асыру мен берілген тапсырманы дер кезінде орындау барысындағы келіп түскен Медиа-жоспардың орындалу мәселесін көтерді. Заман талабына сай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі ақпарат құралдары жұмысының қарқын алуына орай, бас қосқан ортада әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөліміндегі әрбір қолға алынған іс-шараның сапалы түрде орындалуы талқыланды.

Алқалы жиында өз кезегінде сөз алған 06708 әскери бөлімі 1-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан С.Бердалы әскери бөлімдердегі тәрбие және идеологиялық жұмыстарына кедергі болмау мақсатындағы жеке құрамға нені білу керектігі жөніндегі өзінің дайындап келген құжаттарын кеңінен ашып, түсіндіріп берді.

Қорытынды сөз сөйлеген алқалы жиын төрағасы полковник Е.Б. Шерімбетов өз тарапынан жеке құрамның әскери тәртібі мен әскери ортадағы Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне басты назар аудару керектігін қадап айтты. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілердің жарақат алуының, өлімінің және өз-өзіне қол жұмсауының алдын алуына бағытталған «Өміріңді сақта!» жобасын жүзеге асыру мақсатында лауазымды тұлға полковник Ерболат Шерімбетов тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің офицерлеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Жиынға  Приозерск гарнизоны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Н.Нұрғалиев, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері (психологы) міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы Мастура Мырзахметова, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері (психологы) міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы Тахмина Анаяпова мен 18405 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері (психологы) міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы Татьяна Мухашева қатысты.

Жиын соңынан, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстары басқармасының бастығы полковник Е.Б. Шерімбетов 06708 әскери бөліміндегі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерімен кездесіп, олардың алға қойған жұмыс жоспарымен танысты.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button