Тәртіп сақшыларының тартуы

       Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарағанды облысының тәртіп сақшылары С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында салтанатты гала-концерт өткізді.

     Гала-концерт барысында «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» ұранымен жыл сайын өткізілетін фестивальдің жеңімпаздары марапатталды. Гран-при жүлдесін Ақтоғай ауданының ішкі істер басқармасы қанжығалады. «ІІД алтын дауысы – 2016» номинациясын Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі, полиция капитаны Диана Каримова иеленді. Барлық фестиваль қатысушылары мен жеңімпаздарын облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров құттықтап, алғыс білдірді. Қарағанды облысының ІІД ансамблі, вокалды би топтары өнер көрсетіп, Елбасының сөзіне жазылған әндерді орындады.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде бірнеше жыл қатарынан мұражай директоры Айна Айтжанованың жетекшілігімен шығармашылық топ жұмыс жасайды. Топ құрамында ювеналды полиция инспекторы Қуаныш Медеубев және «Нұр Орда» вокалды тобы қызмет етуде. Шығармашылық топ ІІД басшылығының қолдауымен «Айбынды сақшылар», «Жеңіс күні», «Жасай бер, Қазақстан» әндерін жазып, «Анашым –сағынышым», «Ерлік Дастаны», «Честь имею» бейнебаяндарын түсірген. Салтанатты іс-шарада «Когда друг рядом» атты жаңа әннің тұсауы кесілді. Күндіз-түні ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген тәртіп сақшыларына арналды. Сонымен қатар, аталмыш әнге Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі бейнебаян түсірді. Cөзі мен әнін жазған облыстың ІІД мұражай директоры Айна Айтжанова.

Мерекеге орай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығымен үш полиция қызметкері мерзімінен бұрын арнаулы шен алды. Бір топ қызметкер «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «ІІ дәрежелі ІІМ үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталып, алғыс жарияланды.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.