Жаңалықтар

Тұрмыстық жанжал құрбаны арыз түсірмесе де, полиция іс қозғайды – жаңа талап 1 шілдеден күшіне енеді

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді. Заңнамаға енгізілген бұл өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтып берді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды, – деп мәлімдеді Ақмарал Серікбаева.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.

– Мысалы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді Ақмарал Серікбаева.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button