ЖаңалықтарРесми

Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жолдады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.

– Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/ Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар, – делінген хабарламада.

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:

– шатыр

– генератор

– жылытқыш

– көрпе

– ұйықтайтын сөмке

Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button