Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты

Түркияның вице-президенті Фуат Октай жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 674 адамға жетіп, 72 мыңнан астам адам жараланғанын хабарлады.

Сондай-ақ зардап шеккен провинцияларда газ және электр қуаты қалпына келтірілгенін, бірақ кейбір жерлерде сақтық шараларына байланысты әлі берілмегенін атап өтті.

Оның айтуынша, провинцияларда 29 мыңнан астам құтқарушы үйінділерді аршып жатыр.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ шекаралас Сирияда да сезілді. Алғашқы соққыдан кейін тағы 20-дан астам дүмпу тіркелген.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жер сілкінісін 1939 жылдан бергі елдегі ең ірі табиғи апат деп атады. Ол кезде зілзала Эрзинджан қаласын жермен-жексен етіп, 32 мыңнан аса адамның өмірін қиған.

Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Екі провинцияда – Шанлыурфа және Килисте іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button