Жаңалықтар

Түркиядағы қазақстандықтарды елге жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр

Түркиядағы зілзалаға байланысты Қазақстан азаматтарын елге жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Түркиядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

Сурет: sn.kz

– Құрметті Қазақстан азаматтары! 2023 жылдың 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты 7 ақпанда Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізіле бастады. Осы ретте, Қазақстанға қайтамын деген ел азаматтары болған жағдайда 7 ақпан күні сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедураларды өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексеріс және т.б.), дайын болуы тиіс, – деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар өздерін тізімге енгізу үшін төмендегі номерлерге хабарласуы керек:

+90 538 880 70 41 – консул – Темірлан Сайлауұлы;

+90 312 491 91 00 – кезекші комендант.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button