Түркия елшісі Қазақстанға көмегі үшін алғыс білдірді
Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– Қазақстандық бауырларымыздың алғашқы сәттен-ақ жауап қайтарып, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарына қолдаулары мен тілектері үшін алғысымды білдіремін,- деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.