Жаңалықтар

Түркияға барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты түсініктеме берді.

– Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын, – деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

– Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз, – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркияға барған құтқарушылардың бәріне министрлік бюджетінен ақшалай сыйақы төленетінін айтқан еді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button