Жаңалықтар

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар 14 күнге дейін автономды жұмыс істей алады

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы мен ТЖ министрінің бұйрығына сәйкес, арнайы топ Түркия Республикасына құтқару операцияларын ұйымдастыру үшін бара жатыр. Бұл топта 41 құтқарушы бар, оның ішінде үздік құтқарушылар, дәрігерлер, арнайы қызметтік иттер бар. Құтқару-іздестіру жұмыстарына арналған жабықтарымыз жеткілікті,- деді Ибрагим Құлшымбаев Алматв әуежайында берген сұхбатында.

Сонымен бірге арнайы ұшаққа құтқару жұмыстарына арналған Камаз, Уаз және Газель маркалы үш автомобиль тиелген. Ұшу уақыты шамамен 5 сағат 40 минут.

Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің хабарынша, құтқарушылар ұшағы Газиантеп қаласына қонады.

– Түркияда 14 күнге дейін автономды жұмыс істеуге дайынбыз. Ол үшін құралдарымыз, тамақтарымыз, дәрілерімізді, бәрін апара жатырмыз. Бізді Түркиядағы Қазақстан Республикасының елшілігі күтіп алады, олар қай қалада, қай кезде жұмысты бастау керегін айтады. Біздің құтқарушыларымыз осы қойылған бұйрықты атқаруға дайын, – деді И. Құлшымбаев.

Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің хабарынша, құтқарушылар Анкара арқылы Газиантеп қаласына барады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button