Тұрақтылық пен келісім – басты көрсеткіш

Ішкі саясат басқармасының 2019 жылғы жұмысы облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық және жалпыұлттық келісімді нығайтуға бағытталған.

Есеп беру жылындағы негізгі оқиғалар қатарын жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына, Кеңес Одағының Батырлары, біздің жерлестеріміз, Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған іс­шаралар құрады.

Жалпы, 2019 жылы облыс бойынша осы және басқа да айтулы күндерге арналған 1270­тен астам қоғамдық маңызы бар іс­шаралар өткізілді. Оған ҮЕҰ, саяси партиялар, этно­мәдени бірлестіктер, ардагерлер ұйымдары, мұғалімдер, дәрігерлер, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшылары, ШОБ өкілдері, көпбалалы аналар, студенттер, жұмысшы жастар және басқалары қатысты.

Басқарма қызметінің басым бағыттарының бірі – елдің негізгі бағдарламалық құжаттарын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл­ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында, ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттердің іске асырылу барысын жария ету.

Осы мақсатта облыста 19 ақпараттық топ құрылды, оның құрамына облыстық құрылымдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, педагогтер, дәрігерлер, этно­мәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, ҚХА өкілдері, жастар көшбасшылары, барлығы 673 адам кірді. Олардың қатысуымен диалог алаңдары құрылды, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында, ауылдық елді мекендерде дөңгелек үстелдер мен талқылаулар өтті. Топ мүшелері Президент қойған міндеттерді іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті түсініктемелер беріп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы айтты.  Есепті жылы барлық ақпараттық топтардың мүшелері осындай 5300 кездесу өткізді.

Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі облыстық комиссияның жұмысшы органы болып табылады, онда мемлекеттік рәміздерді қолданудың дұрыстығын зерделеу жөніндегі топ жұмыс істейді. 2019 жылы бұл жұмыс тобы облыстың барлық қалалары мен аудандарында болып, облыстың қалалары мен аудандарының 223 ұйымы мен мекемесінде мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша жағдайды зерделеп, қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар берді.

Барлық мемлекеттік мекемелердің алдында бірінші жартыжылдықтың соңына дейін ескі үлгідегі Елтаңбаларды жаңа үлгідегі Елтаңбаға толық ауыстыруды аяқтау міндеті тұр.

Бүгінгі күні барлық мемлекеттік мекемелердің 82% осы жұмысты жүргізді.

Басқарма өз тарапынан осы мәселеде жан­жақты әдістемелік көмек көрсетуге дайын.

Ішкі саясат қызметі саласының маңызды құрамдас бөлігі мемлекеттік ақпараттық саясат болып табылады.

Біздің облысымыз ең медиалық облыстардың бірі болып табылады және Қазақстандағы БАҚ саны бойынша рейтингте үшінші орынға ие. Бүгінгі таңда өңірде 200 БАҚ (40 электрондық БАҚ, 153 баспа БАҚ, 6 ақпараттық агенттік, 1 желілік басылым) тіркелген, олардың басым көпшілігі, атап айтқанда жалпы санның 82%­ы мемлекеттік емес болып табылады.

«Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру», – делінген ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.

Айтылғандардың негізінде біз барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс­қимыл жасасу, түрлі диалог алаңдарын ұйымдастыру, қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну, сыни материалдарға ден қою үшін қажетті жағдайлар жасау міндетін көріп отырмыз.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өткен жылы Қарағанды облысының БАҚ форумы өткізіліп, онда өңірлік журналистиканың даму келешегі қаралды.

13 жыл бойы басқарма бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын Сұңқар» сыйлығын беру конкурсын ұйымдастырушы болып табылады.  2006 жылдан бері 191 журналистке және 6 БАҚ ұжымына сыйлықтар берілді. 2019 жылы салтанатты түрде 10 лауреатқа сыйлық берілді.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі сенімді диалог алаңы болып табылады. 2019 жылы тікелей эфирде қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқармалардың, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен 52 брифинг өткізді.

Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс­қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда облыста 784 ҮЕҰ тіркелген, олар 14 бағыт бойынша табысты жұмыс істеп жатыр.

Көптеген жылдар бойы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру тәжірибесі өзін айқын көрсете білді.

2019 жылы облыстың мемлекеттік органдары ҮЕҰ­мен бірлесіп жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге 236 әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды.

Өңіріміздің тұрғындары өз белсенділіктерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысу арқылы көрсетіп жатыр.

2019  жылы осы бағдарлама шеңберінде облыста 1,5 млн. адамды қамтитын жалпы сомасы 3,1 млрд. теңгеге 1001 жоба іске асырылды.

Мәселен, «Туған жер» арнайы жобасы аясында облыс тұрғындары, негізінен, кәсіпкерлер қауымы қалалар мен аудандарды, елді мекендерді абаттандыруға қатысты. 15 спорт және балалар ойын алаңдары, 13 ескерткіш салынды, 21 көпбалалы отбасына пәтер кілттері берілді.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында басқарма 13 семинар өткізді, жалпы таралымы 4000 дана 4 әдістемелік құрал шығарылды, 19 әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Облыста белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар, педагогтер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жыл бойы біздің сенімді серіктестеріміз болды. Біз оларға бұл үшін шын жүректен ризамыз.

Алдағы 2020 жылы да бірқатар ірі оқиғалар мен мерейтойлық күндер атап өтіледі. Бұл – Әбу Насыр әл­Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жыл дығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы баршамыз үшін маңызды болып табылады.

Осы атаулы күндердің барлығы 2020 жылғы оқиғалы қатардың негізін құрайды.

Алда табанды, жауапты, бірақ өте қызықты жұмыс тұр. Біз барлық белгіленген жоспарларды табысты іске асыру үшін бар күш­жігерімізді жұмсаймыз.

Гүлнар КАСЕМБАЕВА,

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.