Бас тақырып

Тұрғын үй ауласында екі жастағы баланы көлік қағып кетті

Қарағандыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында екі жастағы бала самокатпен жүрген кезінде көлік қағып кетті.

Сурет akusherstvo.ru

Оқиға 5 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада баланың самокатпен жүріп, жаяу жүргіншілер жолағына жеткен сәтінде көлік оны қағып кеткені анық көрінеді. Баланың жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

– «Томирис» тұрғын үй кешенінің ауласында Chevrolet Nexia автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен өтіп бара жатқан екі жасар баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша полицияға тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген ресми хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button