Жаңалықтар

Түпкі меже – игі нәтиже

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Есепті кезеңде тұрақты комиссия өз жұмысын ҚР заңнамаларына сәйкес жүргізді. Жұмыс облыстық мәслихаттың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының негізінде құрылды. Отырыстар уақытында өтті, барлық жоспарланған мәселелер қаралды.

Суретті түсірген автор

Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия облыстық мәслихат қабылдаған 28 шешім бойынша басты болып табылды, оның ішінде: 13 шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және заңнамада белгіленген мерзімде тіркелді. Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалығымен 10 отырыс өткізілді, оның қорытындысымен 26 қаулы қабылданды, 30дан астам лауазымды тұлғаның есептері мен ақпараттары тыңдалды.

2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімінің бастамасымен тұрақты комиссияда, облыстық мәслихаттың сессиясында келесі маңызды мәселелер қаралды:

  1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы XV сессиясының «Қарағанды облысы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» №308 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ағымдағы жылы Қарағанды облысында іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесіне бес рет өзгеріс енгізілді. Тізбеге қосымша 13 жоба енгізілді және қолдау тапты. Облыс бойынша барлығы 28 жоба іске асыруға қабылданды, оның ішінде: білім беру саласында – 6, денсаулық сақтау саласында – 18, спорт саласында – 3 және тілдерді оқыту бойынша қызмет көрсету саласында – 1 жоба.

  1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы ХХХ сессиясының «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №356 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ағымдағы жылы 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет 5 рет нақтыланды: жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша 4 рет, сондай-ақ, депутаттардың бастамасы бойынша 1 рет. Нақтылаулар, бірінші кезекте, қалыптасқан үнемдеудің қайта бөлінуі және қаражатты облыстық бюджеттің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағыттаумен байланысты болды.

Облыстық бюджетті нақтылау кезінде депутаттық корпустың бастамасымен бюджетте келесі өзгерістер ескерілді:

  1. Түркістан қаласындағы аттракциондары бар қалалық саябақты абаттандыруды бастауға 900 млн. теңге сомасында қаражат бөлу.

  1. «Қарағанды қаласының тұрғын алаптарының жылумен жабдықтаудың тарату желілерін салу» жобасын кезең-кезеңімен қаржыландырудың басталуына 50 млн. теңге сомасында қаражат бөлу.

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет кірістер бойынша 218,6 млрд. теңге, шығындар бойынша 218,4 млрд. теңге бекітілді, өзгерістерді ескере келгенде кірістер мен шығындар 253,1 млрд. теңгені құрады.

  1. «Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын» 2018 жылы іске асыру барысы туралы есеп.

2018-2020 жылдарға арналған облыстың даму бағдарламасын 2018 жылы іске асыру туралы есепті қарау барысында бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырыстарында 25 әкімшінің есептері тыңдалды.

Есепті жылы Бағдарлама алты негізгі бағыт бойынша іске асырылды, оның ішінде: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер. Бағдарламаны іске асыруға барлық қаржыландыру көздері есебінен 2018 жылы 275 млрд. теңге бағытталды.

2018 жылы қаржыландыру 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге таяу өсті. Даму бағдарламасы басымдықтарының нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау 126 индикатор бойынша жүргізілді. Оның ішінде 2018 жылы есептік деректер бойынша 109-ына қол жеткізілді, 17 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.

  1. 2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы 25 есебі тыңдалды.

2018 жылға арналған облыстық бюджет әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және облыстың бесжылдық кезеңге арналған даму бағдарламасы негізінде 204,5 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Жыл бойы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзгеруіне әкеліп соққан ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін іске асыру үшін облыстық бюджет 3 рет нақтыланды. Нәтижесінде облыстық бюджет 222,9 млрд. теңге көлемінде қалыптасты немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 18,4 млрд. теңгеге немесе 9%-ға ұлғайды.

Бюджет түсімдері 224,6 млрд. теңгені немесе жоспарға 101,3% (221,7 млрд. теңге) құрады. Жыл қорытындысымен облыстық бюджеттің шығыстары 222,7 млрд. теңгеге немесе жоспарға 99,9% орындалды (жоспар – 222,9 млрд. теңге). Бюджеттік бағдарламалардың үш әкімшісі қаражаттың ең көп игерілмеуіне жол берді.

2018 жыл ішінде 31 бюджеттік бағдарлама әкімшісі 227 бюджеттік бағдарламаны, оның ішінде, 25 даму бағдарламасын және 202 ағымдағы бюджеттік бағдарламаны іске асырды. Көрсетілген бағдарламаларда 1455 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделген.

Бюджетті атқару процесінде 1339 көрсеткіштің орындалуына қол жеткізілді, 116 көрсеткішке қол жеткізілмеді.

  1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде).

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеттің қалыптасуын жан-жақты қарады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыруға депутаттардың 50-ден астам ұсыныстарының тізбесі енгізілді.

Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері мен бюджеттік несиелерді ескере отырып, 2020 жылға арналған облыстық бюджет жобасының негізгі параметрлері мынадай көлемде бекітілді:

Кірістер – 314,1 млрд. теңге;

Шығындар – 314,1 млрд. теңге.

Әлеуметтік салаға бюджеттің жалпы көлемінен 63 млрд. теңге бағытталады, шығыстың негізгі көлемі білім беруге келеді.

Бұл мақсатқа 29,4 млрд. теңге жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесінің шығыстары 2020 жылға 6,8 млрд. теңгені құрайды.

Әлеуметтік сала объектілерінде жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу және олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғастырылады. Облыстық бюджетте осы мақсатқа 5,6 млрд. теңге қарастырылған.

Спорттың әр түрі бойынша облыстың құрама командаларының шеберлігін дамыту мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мақсатына облыстық бюджетте 12,5 млрд. теңге ескерілген.

Облыс халқын әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік көмекке 7,1 млрд. теңге бағытталады.

Мәдени-демалыс іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5,5 млрд. теңге жоспарланған.

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, конфессияаралық келісім саласындағы іс-шараларды іске асыруға және жастар арасындағы іс-шараларды іске асыруға, биылғы Еріктілер жылына байланысты облыстық бюджет жобасында 1,5 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылған.

2020 жылы нақты сектордың шығыстары 27 млрд. теңгені құрайды, олар мыналарға бағытталады:

– жолдарды жөндеу – 11,9 млрд. теңге;

– агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – 8,8 млрд. теңге;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 3 млрд. теңге;

– кәсіпкерлікті қолдау және дамыту – 2 млрд. теңге;

– табиғатты қорғау және экологиялық шаралар – 1,3 млрд. теңге.

Бюджет жобасында өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басымдықтардың бірі. Қоғамдық қауіпсіздік саласына, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-шараларын іске асыруға 15,1 млрд. теңге қаражат ескерілді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған шығыстар 28,4 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 12,4%-ын құрайды.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғын үй құрылысы объектілерін салуға – 10,4 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда. Бағалы қағаздар шығару есебінен 4 млрд. теңге сомасында несиелік тұрғын үй салу жоспарлануда.

Су, жылумен жабдықтау, су бұру, газдандыру, коммуналдық шаруашылық және көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,5 млрд. теңге қарастырылды.

Жергілікті атқарушы органның резерві бюджетті әзірлеу кезінде жоспарланбаған және алдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін ықтимал шығындарды қаржыландыру – 1 млрд. теңге.

2020 жылғы облыстық бюджет жобасында республикалық бюджеттен 103,8 млрд. теңге сомасындағы нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелер ескерілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен даму бойынша 32,9 млрд. теңге сомаға денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, су, жылумен жабдықтау, су бұру, газдандыру және көлік инфрақұрылымы саласындағы жобалар іске асырылады.

Несие беру аясында жылу және сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен салуға 4,9 млрд. теңге күтілуде.

Алдағы үшжылдық кезеңдегі облыстық бюджет экономиканың барлық саласын қамтиды, қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің сақталуын, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірді дамытуға ықпал ететін Елбасы тапсырмаларын және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етеді.

  1. Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы.

Комиссия отырысында 2020-2022 жылдарға арналған облыстық және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы трансферттердің көлемі қаралып, мақұлданды: 2020 жылы – 82,9 млрд. теңге;

2021 жылы – 77,8 млрд. теңге;

2022 жылы – 74,2 млрд.теңге.

7. Қарағанды қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы.

Депутаттардың қарауына және бекітуге Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасын орындау үшін әзірленген Қарағанды қаласын дамытудың ұзақмерзімді базалық Стратегиясы ұсынылды. Оны іске асырудың басты басымдығы – облыс орталығы халқының өмір сүру сапасын арттыру, теңдестірілген кеңістікте дамуды қамтамасыз ету және заманауи индустриядан кейінгі экономиканы қалыптастыру. Стратегия 3 серіктес қаланы (Теміртау, Саран, Абай) және орталығы Қарағанды қаласында болатын ҚҚА-ға кіретін 18 елді мекенді ескеретін дамыту параллельдігін қамтиды.

8. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары.

Комиссияда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары қаралды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары анықталған бұзушылықтар жөнінде айтты. ҚР бюджет және өзге де заңнаманы бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты қабылданған шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ, мемлекеттік органның функциялары мен міндеттерін орындау барысында ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу іс-шаралары жоспарын әзірледі.

Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері облыстық мәслихаттың 14 сессиясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты, Т.Тілемісовтің төрағалығымен 2 сессиясы өткізілді, Ж.Мұхамеджановтың төрағалық етуімен 2 сессиясы өткізілді.

Комиссия мүшелері облыс әкімі, қала және аудан әкімдерінің халықпен кездесулеріне белсенді қатысады, Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру және ілгерілету мақсатында еңбек ұжымдарымен кездеседі.

Өздерінің сайлау округтерінде пәрменді жұмыс жүргізеді, сайлаушыларды қабылдайды.

2019 жылдың басынан бастап, депутаттар сайлаушылармен 37 кездесу, 48 жеке қабылдау өткізді, 122 адам қабылданды, 100ден астам азаматтың өтініштері қаралып, түрлі инстанцияларға жіберілді.

Комиссия отырыстары туралы ақпарат облыстық мәслихаттың сайтында үнемі жарияланады, облыстық БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Жомарт ТАЛАСПЕКОВ,

облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button