«Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
Рейдке ювеналды полиция топтарының учаскелік инспекторлары мен аумақтық бөлімшелердің учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

– Шара барысында 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде – 27 ата-ана міндеттерін орындамау, 5 – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінсіз тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде болуы, 4 – ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 313 тұрмысы төмен отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жүзеге асырылды. 25 ата-ана мен 14 кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 18 материал жіберілді – бесеуі ата-ана құқығынан айыруға, төртеуі – ата-ана құқықтарын шектеуге, тоғызы – құқық бұзушылық жасауға бейім жасөспірімдерге, – деп хабарлады облыс ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ