Тұманы тазартты

Наурыз айы – берекелі, игілікті істерге толы. Шет ау­данының орталығында «Бұ­лақ көрсең, көзін аш» акциясы негізінде Жанқұтты би бұлағының басында дастарқан жайылып, бас имам Берік Алпысбайұлы әруақтарға құран бағыштады. Жастар ресурстық орталығы, колледж студенттері осы мақсатқа жұдырықтай жұмылып, маңызды шараның ұйымшылдықпен өтуіне ұйытқы бола білді. Бұлақ басын қыс бойғы үйіліп қалған қардан аршып, арықты тазалады. Сондай-ақ, төңірегіне де тазалық жүргізді.

Жиналған жұртшылық ау­дандық мәдениет үйінде тағы бір ізгілікті шараның куә­сі болды. Мұнда аудан әкімі Марат Жандәулетов Шет ауданының шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы Тілеуғабыл Есенбековке «Мәдениет саласының үздігі» медалін тапсырып, ал­дағы жұмысында сәттілік ті­­леді.

Тілеуғабыл Есенбеков Ел­басы тапсырмасымен қол­ға алынған «жасыл экономика» саясатын жүзеге асыруда елеулі шаруаның басын қайыруда. Мәселен, кәсіпкер былтырдан бері бірнеше бұлақтың көзін аршып, маңайын қоршады. «Алғыс алған арымас» деген. Кәсіпкерге жұртшылықтың алғысы шексіз.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.