Қарағанды

Түбегейлі жаңғыру жолында

Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ұзақ мерзімге жатпаса да, Қазақстан үшін ғасырлық мәні бар деуге болады. Дәл осы уақыт аясында ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылуда. Ал, жұртшылық үшін ауадай қажет рухани реформа Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында негізгі бағыттарды белгілеп берді. Жер бетіндегі 7 миллиардтай адамы бар барлық мемлекеттердің өркениеті, мәдениеті, білім-ғылымы, қысқасы, кемелденген ел деп атануы ұлттық төл топырақтан тамыр тартуында. Сырттан ешкім келіп, әдебиетің мен өнеріңді, тіліңді, діліңді дамытып бермейді. Өзгеге ұқсамас ұлттық болмысың, этнографияң мен менталитетің, зияткерлік деңгейің өзгеге табынуды емес, өзіңдікін насихаттауды қажет етеді. Елбасы мақаласының құндылығы да осында. Еңбектегі негізгі бағыттар республика халқының ұлтаралық келісім, рухани татулығын нығайта түспек және барша қазақстандықтарға міндеттер жүктейді десек, бұл орайда мәдениет, білім, ғылым, білікті кадрлар даярлаумен айналысып жатқан ЖОО-ның атқарар еңбегі ерекше. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатовтың бұл орайда Елбасы мақаласындағы негізгі бағыттарға қатысты кешенді іс-шаралар жоспарын жасап, ұжымды жұмылдыра білуі игілікті істердің қатарына жатады. Латын әліпбиіне көшу, кешегі құндылықтарымыздың, атақты тұлғаларымыздың бүгінгі күнге ұласқан тарихи сабақтастық үрдісі – бәрі де кешенді істер атқаруды қажет ететіні белгілі.

Қарлығаш ХАМЗИНА,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті,

филология ғылымдарының

кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button