Жаңалықтар
Құтқарушылардың қалтқысыз қызметі
Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне құтқару жұмыстары бойынша 12 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде өртке және жану жағдайлары, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары да бар. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 7 адам құтқарылып, 43 адам эвакуацияланды. Құтқарылған жеті адамның екеуі – бала.

Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде аумағы 20 шаршы метр болатын үймен жапсарласа орналасқан қазандықтың ағаш бөлшектері жанып кетті. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.
Сонымен қатар, Абай қаласында департамент қызметкерлерінің көмегімен құдыққа түсіп кеткен жылқыны арқанның көмегімен алып шықты.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz