Жаңалықтар

Құтқарушылардан құралған тағы бір топ Түркияға жетті

Қазақстандық құтқарушылар жергілікті жасақпен бірлесіп, Түркиядағы зілзалада зардап шеккен бір әйелді құтқарды. Қазір отандастарымыздың бір тобы толығымен қираған 9 қабатты екі үйдің маңында жұмыс істеп жүр.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларынан құралған тағы бір топ Түркияға жетті. Бұл бауырлас елге көмектесу үшін аттанған екінші жасақ. Құрамында кинологиялық топтар мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де бар. Олар екі топқа бөлініп, ең қиын учаскелерге аттанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, өткен тәулікте бірінші топ қаза тапқан 3 әйелдің денесін үйінді астынан шығарған. Айта кетейік, апат орындарындағы құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Үйінділерді тазарту мен құрылыс конструкцияларын шығару күн-түн демей жалғасып келеді. Бригадалар тәулік бойы, демалыссыз еңбек етіп, бір жанды болса да аман шығаруға барын салып жатыр. 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button