Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа міндеттер жүктелмек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін. Антикорға жаңа міндеттер жүктеуді көздейтін Президент Жарлығының жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сай, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мына функциялар беріледі:

– Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.

– мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;

– мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың болуына мониторинг жүргізу;

– сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл және олардың қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;

– нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

– ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

– сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту.

Жарлық жобасын ашық талқылау 17 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button