Қарағанды қаласының полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Ortalyq.kz полиция басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған азамат қаладағы гүл сататын дүкендердің бірінен бірнеше үлкен гүл шоқтарын сатып алған. Алайда төлемді сувенирлік ақшалармен жасаған. Ал, сатушы ақшаның жалған купюра екеніне алаяқ кетіп қалғанда ғана көңіл аударған. Келтірілген шығын сомасы 120 мың теңгені құрайды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Сондай-ақ, полицейлер ұсталған адамның тағы үш ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Барлық анықталған алаяқтық фактілері бір өндіріске біріктірілген. Тергеу жүргізілуде. Алаяққа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz