Ресми

Судың да сұрауы бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында қазақстандықтардың үнемді су тұтыну мəдениетінің жоқтығына тағы да назар аударды.

Сурет: dzen.ru сайтынан

Аталған мəселе күні кеше ғана пайда болған жоқ. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Жеке тұтынуда біз Еуропа елдеріне қарағанда үш есе көп су жұмсаймыз» деп бірнеше рет атап өтті. Одан бөлек, бірқатар ауылдық елдімекендерде, соның ішінде Қарағанды облысында да құнды ауызсу ресурсы тапшылығы байқалады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бірқатар дамыған елдердегідей, бүгінгі ұрпақты ерте жастан бастап, суға ұқыпты қарауға баулу керектігіне ерекше тоқталды.

Əлбетте, Президенттің суды ұтымды тұтыну мəдениетін кеңінен енгізу жəне оған ұқыпты қарау мəселесін жеке бақылауында ұстауы өте маңызды. Осыған байланысты Үкіметтің де, жергілікті атқарушы жəне өкілді органдардың халықты сапалы ауыз сумен, ал кəсіпорындарды техникалық қажеттіліктер үшін сумен қамтамасыз ету үшін сындарлы жəне тиімді шаралар қабылдауы маңыз ды. Атап айтқанда, ауқымды жəне кешенді іс-шаралар қажет. Ол үшін каналдарды, су қоймаларын, гидротехникалық құрылғыларды реконструкциялап, жерасты көздерін игеру керек. Одан бөлек, өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, цифрландырылуы тиіс. Су ресурстарын бағалау саласындағы нысаналы ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырумен айналысу керек, олардың нəтижелері су саласын басқаруда ескерілетін болады. Əрине, бөлінген қаржыландыруды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігі туралы ұмытпауымыз керек.

Бұл бағытта белгілі бір қадамдар жасалды. 2023 жылы жеке Қазақстан Республикасының Су жəне ирригация министрлігі құрылды. Су кодексінің жобасы əзірленіп, Мəжіліске енгізілді. 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі жол картасы əзірленді жəне Үкіметпен келісу сатысында. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Су көп тұтынылатын ауыл шаруашылығында егістіктерге суды неғұрлым үнемді жеткізу үшін жабдықтарды сатып алуға жəне орнатуға субсидиялауды 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, суармалы су тариф терін өсірілетін дақылдардың түрлеріне жəне олар тұтынатын су көлеміне қарай есептеу ұсынылады.

Айта кету керек, 2024 жылғы сəуірдегі су тасқыны біраз кемшіліктің бар екенін көрсетті. Жерлестеріміз шығынға ұшырап, үйлерінен, мал-мүлкінен айырылды. Бірақ, ел болып жиылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Дегенмен, көктемгі су тасқынының өзін пайдаға жаратуға болатын еді. Қазір ауыл шаруашылығында еріген суды пайдалану жоспары əзірленуде. «Су тасқыны аяқталғаннан кейін барлық су қоймалары 100% толтырылуы тиіс, бірақ су жинау су шаруашылығы құрылыстарына зиян келтірмей өтуі тиіс», – деп атап өтті Су ресурстары жəне ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Суды тұтыну мəселелерін жан-жақты шешу қажет. Бұл көптеген бейінді мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұртшылықтың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Тек осылай ғана біз халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып, болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ете аламыз.

Абсалям КАРИН,
облыстық мəслихат депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button