Жаңалықтар

Суағар мен арықтар тазартылды

27 қаңтар күні Тәттімбет-Мұқанов көшелерінің қиылысын еріген қар суы басып кеткен болатын. Су тасқынына дайындық ойдағыдай болса да осындай оқыс жағдай орын алды.

– 28 наурыз күн күрт жылынып, қардың еруіне байланысты суағар мен арықтар қоқыс пен лайға толып қалды. Бұған дейін олар тазаланған болатын. Өкінішке қарай, қар суының мөлшері көп болғандықтан осындай жағдай орын алды. Арнасынан асқан қар суы жолға жайылып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар дер кезінде қолға алынғандықтан, аумақтағы тұрғын үйлерді су басқан жоқ, – деді Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің мамандары.

Бүгінде лай мен қоқысқа толып қалған арықтар толығымен тазартылды. Дауыл коллекторына металл тор орнатылды. Сонымен қатар, «Вaspana» тұрғын үй кешенінің артқы жағында орналасқан диаметрі 1000 мм болатын құбырға қосымша тор орнатылды.

– Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің, Қарағанды төтенше жағдайлар департаментінің және мердігер ұйымдардың күштерімен барлық қажетті шаралар қабылданды. 29 наурызда Мұқанов-Тәттімбет көшелерінің қиылысында «Sinooil» жанармай құю станциясының артында орналасқан  арық пен коллектор құрғатылды, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралар штаттық режимде өтуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button