Жаңалықтар

Спасск полигонында оқу-жаттығу жиындары өтуде

Қарағанды гарнизонына қарасты, Спасск оқу-жаттығу орталығының полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығының жас офицерлері мен сержанттардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оған барлығы 66 әскери қызметші қатысты.

Спасск

Аталған оқу-жаттығу жиындары жас офицерлер мен сержанттардың әскери қызметке келгеннен кейінгі міндетті ісі. Мұнда олар қызметін сапалы атқару үшін арнайы жаттығулардан өтеді. Ал, оқу-жаттығу жиындарына «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің, қызмет өткеруге жіберілген жоғары әскери оқу орындары мен әскери колледж түлектерім, әскери қызметін келісім шарт бойынша жалғастыруға ниет білдірген мерзімді әскери қызметшілер қатысуда.

Спасск

– Жиынның басты мақсаты – жас офицерлер мен сержанттарды жаңа лауазымға кірісер сәтте қызмет бабындағы қажетті алғышарттарды меңгеруге бағыттау. Жеке құраммен оқу-жаттығу үдерісін сапалы ұйымдастыруға және тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-құқықтық шараларды талап деңгейінде жүргізуге қалыптастыру. Осындай шаралар жас сарбаздардың, жас мамандардың бойындағы патроттық сезімін күшейтуге үлкен септігін тигізеді, – деді жас маман Олжас Амантаев.

Жиын барысында жас офицерлер мен сержанттар нысана көздеп, физикалық және тактикалық дайындықтан өтті. Жауынгерлік машиналар мен арнайы техниканы басқарды. Сонымен қатар, бейіндік дайындық бойынша сынақтар мен нормативтер тапсырады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button