«Союз-МС» сәтті қонды
«Союз-МС-02» басқарылатын капсула экипажы кеше Жезқазған қаласының маңына қонды. Халықаралық ғарыш стансасында бес айдан астам уақыт болған кеме командирі Сергей РЫЖИКОВ, борт инженері Андрей БОРИСЕНКО және NASA астрономы Шейн КИМБРОУ жерге оралды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, шамамен 200-ге жуық құтқарушы «Союз-МС» экипажының Қазақстанға қонуын қамтамасыз етті. «Оған он төрт «Ми-8» тікұшағы, үш «АН-26» ұшағы, екі «АН-12» және жүріп өту мүмкіндігі жоғары «Синяя птица» іздеу-эвакуациялау машиналары бар жиырма арнайы автотехника қатысты. Әскери авиация мен іздеу-эвакуациялау амфибиялары Свердловск және Челябі облыстарынан жеткізілді», – деп хабарлады агенттік өкілдері.
Әуе тасымалы федералдық агенттігі жетекшісінің орынбасары Александр ВЕДЕРНИКОВ:
– Қондыру комиссиясы жиынының шешімі бойынша №6 аймақ іздеу және құтқару жұмыстарына жарамды деп танылды. Негізгі парашюттық жүйені іске қосу тобы қондыру аймағының, кеменің, станцияның, экипаждың дайындығына қарай шешім қабылдады. Болистикалық деректер бойынша ұшыруды басқару орталығынынан жедел түрде мәлімет беріліп отырды. Бастапқы күшті дайындау және орналастыру, керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, эвакуациялық шаралар жүргізу жұмыстары сәтті өтті. Қону аймағынан ұшуды басқаратын орталыққа жедел әрі жиі ақпарат жіберіліп отырды.
Кездесу барысында мамандар ғарыш жүк кемесі үшін арналған адамдар мен жүктерді жеткізу орбиталық станциясына «Союз-МС-02» экипажының қону дайындығы жөнінде айтты. NASA-ның Ресейдегі пилоттық ғарыштық ұшу бағдарламасының директоры Шон Фуллер қону жұмыстарына NASA мамандарының да үлес қосқанын тілге тиек етті. «Сондай-ақ, жерге оралған аппаратты қондыру бойынша орталық әскери округтің әскери құтқарушылары мен медицина қызметкерлері арнайы техникалармен жабдықталды», – деді.
Айта кеткен жөн, өткен жылы 19 қазанда 14 сағат 05 минут, 14 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңынан «Союз МС -02» көліктік басқару кемесі сәтті ұшырылған болатын. Ғарыш айлағының техникалық қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым штаттық режімде өтіп, 529 секундта «Союз МС-02» кемесі бөлініп, кеме жер төңірегіндегі орбитаға шығарылды.
Бұған дейін Қарағанды жеріне алғаш 1962 жылы «Восток-3» және «Восток-4» ғарыш кемелерімен Андриан Николаев пен Павел Папович қонған болатын. Одан кейін ғарышкер әйел Валентина Терешкова «Восток-6» ғарыш кемесімен жерге оралды. Осы дәстүрмен халықаралық дәрежедегі экипаж мүшелері Қарағанды облысына табан тіреуде.
Аяулым СОВЕТ