Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер аналары мен жарларын құттықтады

Көпэтносты еліміз 8 наурызда Халықаралық әйелдер күнін тойлайды. Әжелеріміздің, аналарымыздың, әйелдеріміздің, апаларымыз бен қарындастарымыздың, қыздарымыздың күмістей күлкісін естіп, көңіл күйін көтеру үшін біздің оған мейірімге толы әрі көктемнің жарқын мерекесі ретінде бойымыз үйренді. Бұл күні аналар мен аруларға гүл сыйлау дәстүрге айналған.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 34-ші мекеме қызметкерлері сотталғандардың аналары мен жарларын көктемгі мерекемен құттықтады.

– Бұл күні адамдықтың негізі болған әйел-қыздар қауымы біздің назар аударғанымызды қалап, гүл мен сыйлық күтеді. Бұл – қалыптасқан дәстүр. «Сондықтан, біз олардың жанына жағымды тосын сый жасап, гүл шоқтары мен тәтті сыйлық беруді жөн көрдік, – дейді 34 мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.

Жазасын өтеушілердің туыстары мекеме ұжымына алғыс айтып, көктемдей көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін шын жүректен, жылы лебізін білдірді. «Қысқа уақытқа кездесуге келген сотталғандардың бірінің анасының айтуынша, мұндай құттықтау, мерекелік іс-шара оған толық тосынсый болған.

Мекеме басшысы Болат Мұхтаровтың айтуынша, «Сотталғандармен қоғамдық-пайдалы қарым-қатынасты сақтау – олардың түзелуін ынталандыратын, маңызды фактор. Сонымен қатар, бұл олардың әлеуметтенуіне ықпал етумен қатар, мекеме жұмысының басым бағыты болып табылады.

Мекемеде сотталғандардың туыстық байланыстарын нығайту үшін қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу қамтамасыз етіледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button