Қарағанды

Слет серпін береді

   Жақында қалалық жас тілшілер мен блогерлер слеті екінші мәрте жалауын желбіретті. Атаулы шараға облыстық БАҚ өкілдері, блогерлер, журналистика мамандығына бет бұрған жүзге жуық студенттер мен жастар қатысты.

Бұл маңызды басқосудың мақсаты – ақпараттық салада қызмет етуші тараптарды бір орталықта біріктіріп, болашақ журналистерге бағыт-бағдар беру. Жауынгер жанрдың қыры мен сырына қанық аға буынның тәлімін алуға шақыру. Игі шараға Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Слетке ардагер журналистер А.Жанғожин, С.Жанысбай, Н.Қожайқызы, В.Курилов және әлеуметтік саланы үйлестіру жəне ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мұқанова, «Ekaraganda.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Н.Вербовая, 5 каналдың “Шарайна” ақпараттық қызметінің шеф-редакторы Ә.Сәбитова, облыстық “Қазақстан-Қарағанды” телеарнасының шеф-редакторы В.Несипбаев, облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісі Н.Кәрім, “Выбирай” журналының бас редакторы Т.Голубцова, облыстық “Индустриальная Караганда” газетінің тілшісі А.Валерьевна, қарағандылық “In da krg” парақшасының блогері Сағыныш Қасымов қонақта болып, қызмет барысындағы тəжірибелерімен бөлісіп, дәріс оқыды. Шара соңында БАҚ өкілдері мен белсенді жастарға алғыс хат табысталды.

Өз тілшімізден.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button