Әскерилер форумға қатысты
Бауыржан Момышұлы атындағы Теміртау мектеп-лицейінде қала мектептерінің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар, ұйымдастырушы-педагогтар, сынып жетекшілерімен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында форум өтті. Шара барысында Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін, кинолог мамандар төрт аяқты сақшылардың білімділігін көрсетті.

Аталмыш форум балаларды тәрбиелеуде өзіндік орны бар. Яғни, өсіп келе жатқан жас ұрпақты адалдыққа, адал еңбекке, моральдық нормаларды сақтауға, тіпті, өз бетінше шешім қабылдап, жауапкершілік алуға тәрбиелейді.
– Мұндай шаралар әскери бөлім мен мектепаралық кездесулерде әрдайым өткізіліп тұрады. Әскерге баулуды бала кезден бастау керек. Бүгінде форумға арнайы қатысып, бала тәрбиелеу әдістері бойынша ойымызды айттық. Өзара пікір алмастырдық, – дейді 5516 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Алексей Бондаренко.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz