Жаңалықтар

Әскери қызметшілер балаларды жаңа жылмен құттықтады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ибраев Ержан Вакасұлының басшылығымен Жаңа жыл қарсаңында балаларды мерекелік тосын сыйлармен қуантуды естен шығарған емес. «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы, өзінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ерболат Шерімбетовпен бірге 85510 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға маман, аға механик, кіші сержант  Салтанат Истимесованың отбасына арнайы барып, құттықтады.

Суреттер автордікі

Салтанат Истимесова жұбайы екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Әскери қызметшінің ұлдары аналары сияқты әскери адам болуды армандайды.

  – «Астана» өңірлік қолбасшылығы – әскери қызметшілердің балаларына барынша көңіл бөліп келеді. Оның ішінде, әрине, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларда ерекше қамқорлыққа алынған. Әскери қызметшілердің балалары мемлекеттен әрқашан қолдау мен қамқорлықты сезінуі тиіс, – деді полковник Ержан Вакасұлы.

Балалар «Астана» өңірлік қолбасшылығы атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды. Кіші сержант Салтанат Истимесова мұндай қамқорлық армияның берік отбасылық дәстүрлерді құрметтейтін және қолдайтын үлкен тату-тәтті ұжым екендігінің дәлелі болып табылатындығын атап өтті.

Айдын ТОНТАЙТЕГІ,
Қарағанды гарнизонының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button