Жаңалықтар

Әскери-патриоттық тәрбие – маңызды жұмыс

Еліміз еңсесін тіктеп егемендік алған тұстан бері әскери тәрбие құрылымдары айтарлықтай дамыды. Соңғы жылдары Қарулы күштердегі жағымсыз құбылыстардың саны айтарлықтай азайған. Ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әскери қызметшілердің қаза болуы мен жарақаттануын барынша азайтуға бағытталған «Өміріңді сақта» бағдарламасы қабылданып, іске асырылып келеді. Осы мақсатта Әскери бөлімдердің сардарлары Ұлттық Ұлан сарбаздарына тәрбие сағатын өткізді.   

Тәрбие жұмысын атқарушылармен қоғамдық ұйымдардың өзара іс қимылдары жанданып қарқынды бірігіп жұмыс жасай алуларының арқасында, қоғамның әскерге деген сенімін арттыруға үлкен үлес қосуына мүмкіндік берді. Бейбіт күннің батырлары атанған Ұлттық Ұлан батырларымен, қарулы күштер ардагерлерінің жастармен әңгіме, ой алмасу, өзгеде бағыттағы жұмысарды жасудағы әрекеттері сынды жұмыстар жасалды.

Офицер-тәрбиешілердің әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметін, жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы қызметі аса маңызды. Осы мақсатта оқу-жаттығу барысында жеке құрамда қажетті қасиеттерді қалыптастыру және қолдау, қарсыластың ақпараттық-психологиялық әсерінен қорғау мәселелері де пысықталды.

Рота командирінің ТжӘҚЖ орынбасары лейтенант Кабдуалиев Жумаш.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button