Жаңалықтар

Әскери бөлімде «ашық есік күні» өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Теміртау қаласы 5516 әскери бөлімде әскери қызметшілердің балалары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл мереке әскери бөлімнің командирі подполковник Рауан Омаровтың бастамасы және барлық әскери қызметшілердің ат салысумен өткізілді.

Балалар ата-аналарының қызметімен таныс болды. Сонымен қатар, олар әскери бөлімнің қару-жарағын, техникасын көріп қайтты. Шара барысында түрлі кейіпкерлерді сомдаған аниматорлар өнер көрсетіп, балалармен түрлі ойын ойнады. Сәйгүлік мініп, садақ та тартты. 

Іс-шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, мадақтама қағаздары берілді. Мереке өзінің қойылған мақсатына анық жетті.

Сондай-ақ, дәл осындай шара Қарағандыдағы 5451 және 6505 әскери бөлімінде де өтті. 

Ербол ЕРБОЛАТ, 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button