Жаңалықтар

Әскердегілердің несиесі кейінге шегеріледі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, жоба банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу үшін негіздер тізбесін және кредиттер бойынша міндеттемелерді орындаудың кешіктірілу себептерін растайтын құжаттар тізімін айқындауды көздейді.

 – Жобалар мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан қарыз алушыларға қызметті өткеру мерзіміне кредиттер бойынша кейінге қалдыру беруді көздейді және банктер мен микроқаржы ұйымдарының Агенттікке кредит беру талаптарын өзгертуге өтініш білдірген қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат беру міндетін белгілейді, – деп атап өтті агенттік өкілдері.

Берілген түзетулер азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру және қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button